Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
121 тонна қоқыс, 100 шақырымға жуық ау жиналды
Еліміздегі 80-ге жуық су айдыны мен жағалаудан 121 тонна қоқыс және жалпы көлемі 95,3 шақырымды құрайтын синтетикалық тор жиналды. Бұл – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Аулардан таза су айдыны» акциясының бір күндегі нәтижесі. Ауқымды экологиялық шараға 5 мыңнан аса қазақстандық тартылды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Интернетпен қамту барысымен танысты
Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында шалғайдағы ауылды елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Телекоммуникация операторлары мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы шартқа былтыр қазан айында қол қойған еді. Шартқа қатысушылар 1250 ауылды елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға міндеттелді. Бұл 3718 әлеуметтік нысанды, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Әлеуметтік нысандар құрылысын аяқтады
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4-еуі бұзылып, қайта тұрғызылды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Саланы қолдау жайы назарға алынды
Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Университеттердің бірлескен конференциясы
Нұр-Сұлтанда 16-20 тамыз аралығында Гарвард университеті мен Назарбаев Университет бірлесіп ұйымдастыруымен Азия және Тынық мұхиты елдерінің дәстүрлі HPAIR Азия конференциясын ұйымдастырды. Өзінің 28 жылдық тарихында HPAIR Азия конференциясы Орталық Азияда және ТМД кеңістігінде алғаш рет өткізілуде.