Бизнес • 22 Тамыз, 2022
Аграрлық несие корпорациясы АӨК субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-дан астамын несие серіктестіктері арқылы рәсімдейді. Ақтау қаласында АӨК несие серіктестіктерінің қауымдастығы мен Аграрлық несие корпорациясы Несие серіктестіктердің IV форумын ұйымдастырды.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Хромтауда жел электр стансасы салынады
Хромтау қаласына жақын, 150 гектар аумақта 24 жел генераторы паркі бой көтермекші. 155 мегаватт электр қуатын өндіретін жасыл энергетика жобасын іске асырушы – ERG компаниясы.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Дәмі тіл үйіретін Аққулының қарбызы десе, елең етпейтін жан жоқ. Бұрын егіс танаптарында теңкиген теңбіл қарбыздар ғана допша үрленіп жататын болса, соңғы уақытта шаруалар түрлі түсті сорттарды кеңінен өсіре бастаған. Жасыл, сары, қара, тіпті қызғылт-сары түсті дақылдар – даланың сәні. Жергілікті бағбандар бүгінде дала төсін дүбірге толтырып, бақша өнімдерін жинау науқаны қызып берді.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Жетісу облысының Мұқыры ауылына 30 шақырымдық газ құбыры тартылып, табиғи газ берілді. Бұл – Көксу ауданында осы жылы көгілдір отынға қосылған бесінші ауыл. Мұқырылық тұрғындар осыған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесуінде ауылға газ қостыруды жылдың соңына дейін бітіріп беруді сұраған еді. Міне, бүгін тілегіне жетіп отыр.
Қоғам • 22 Тамыз, 2022
Мұқтажға мүмкіндік берген жоба
Осыдан төрт ай бұрын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен елімізде «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-консультациялық қызмет» атты жоба қолға алынған еді.