Спорт • 24 Тамыз, 2020
АҚШ-та өткен UFC турнирінде сынға түскен қазақстандық Мария Агапова америкалық Шана Добсоннан екінші раундта жеңіліп қалды.
Спорт • 24 Тамыз, 2020
Сағдидың сексенінші көктемі ...Қызылды-жасыл гүлдер құлпырып, көктем келгенде Сағдидың да жан дүниесі жаңарып, жадырай түседі. Себебі көктемде шыр етіп дүние есігін аттағаннан болар, жыл мезгілінің осы уақытын ерекше ұнатады. Еркін күрестен сан мәрте республикалық, облыстық сайыстарда топ жарған КСРО спорт шебері болған Сағди Қапасұлымен таныс болғаныма қырық жылдай уақыт өтсе де, оның сонау 1991 жылы елімізді былай қойып, күні кеше тарих қойнауына кеткен ТМД елдерінде қыздар күресін тұңғыш рет ұйымдастырып, Қазақстанның төрт облысында нәзік жандылардың күресін өмірге әкелгенін, жыл сайын байрақты бәсекелерді ұйымдастырғанын естігенде бастапқыда сенбедік те. Күне кеше Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова атындағы манежде ардагерлер арасында тұңғыш рет облыстық жарыс ұйымдастырылғанда Сағди ағамен кездесіп қалдық.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Сарыарқаның батыс беткейін көмкеріп жатқан, бір жағы Торғай даласымен шектесетін, аңы мен құсы еркін көсілген, балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған Ырғыз топырағында болудың сәті түскен еді. Осы іссапар кезінде Ырғыздың ырысты өңір екеніне көз жеткізіп оралдық.
Білім • 24 Тамыз, 2020
Университеттердің тәуелсіз рейтингісі жасалды
Елімізде алғаш рет студенттер, магистранттар, докторанттар мен түлектердің тікелей бағалауымен жоғары оқу орындарының рейтингі жасалды. Білім алушылар мен түлектердің пікірін саралап, білім ордаларының үздігін анықтау – Қазақстан студенттері альянсының бастамасы.
Ғылым • 24 Тамыз, 2020
«KazRoboProject-2020» байқауына 62 жоба ұсынылды
Жыл сайын, нақтылай айтқанда 2016 жылдан бері еліміздің жас конструкторларын, талантты, ізденімпаз өрендерді анықтау мақсатында «KazRoboProject» ғылыми-техникалық жобалар байқауы ұйымдастырылып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырылған байқау «КазРоботикс»федерациясының даму бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.