Экология • 24 Тамыз, 2020
Халықтың өмір сапасын арттыратын экологиялық саясат қажет
Таяуда Мемлекет басшысы елдегі экологиялық мәдениеттің ақсап тұрғанын сөз еткені белгілі. Осы орайда мектептерде экологиялық сауаттылық пәні енгізілу керегі айқындалса, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халық арасында экологиялық мәдениетті дәріптеуді міндетіне алды. Президент сенім білдіріп құрылған кадрлық резерв резервшілерінің қатарында да экология мәселесін зерттеп, оны дамытумен айналысатын мамандар бар. Солардың бірі – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарып жүрген Зульфия Сүлейменова бар күш-жігері мен білімін елімізде дұрыс климаттық саясат қалыптастыруға жұмсамақ ниетте.
Пікір • 24 Тамыз, 2020
Жалған мақтан жарысы болып тұр
Біз көшпелі түркі халықтарының ішінде туыстық қарым-қатынасты үнемі бірінші орынға қоя білген ұлт ретінде өзімізді ерекше деуші едік. Бұл қасиет қазақ халқының той-думанында айрықша мәнге ие болатын.
Оқиға • 24 Тамыз, 2020
Қазіргі таңда күллі әлемді құрсаулап, ғаламды бір тарының қауызына сыйдырған пандемияны тізгіндеу үшін біз оның талаптарына көнуге тиіспіз. Әйтпесе, індет кесірінен құтыла алмаймыз. Сондықтан қоғамда қалыптасқан кейбір әдет-жоралғыдан бас тартпасақ болмайды.
Пікір • 24 Тамыз, 2020
Жасандылықтан, бірізділіктен құтылсақ...
Қазақтың қазіргі тойы көп өзгеріске ұшырағанын, бұрынғы қалпын жоғалтқанын үлкен буын біздер әр жерде айтып та, жазып та жүрміз. Қазіргі тойларда көзге ұрып тұрған елеулі кемшілік – жасандылық, жаттандылық.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
Әсіре ысырапшылдыққа жол бермеуіміз қажет
Осынау қиын-қыстау кезеңдер артта қалғаннан кейін «той мәселесі қалай болар екен?» деген сауал ел арасында көп айтылып жүр. Бұрынғыша ұлан-асыр той жасап, «алпыс күн атан болғанша, бура боп бір күн зіркілде» деп бар тапқанымызды той-думанға шаша береміз бе, жоқ әлде сәл айылымызды жиятын кез келді ме?