Спорт • 24 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 36 жыл бұрын, яғни 1984 жылдың 18 тамызында Мәскеуде «Достық-84» деген атауға ие болған кешенді спорттық жарыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған 50 елдің өкілдері қатысты. Солардың қатарында Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысудан бас тартқан КСРО, Мажарстан, Солтүстік Корея, Моңғолия, Болгария, Куба, ГДР, Эфиопия, Польша, Чехословакия және тағы басқа социалистік бағыттағы мемлекеттердің өрендері болды. Жаз айларының басында басталып, қоңыр күзге дейін созылған бәсекелер аса жоғары деңгейде өтті.
Өнер • 24 Тамыз, 2020
Өткен сенбіде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, «Отандастар қоры» КеАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен шеттегі қазақтарға арнап «Ұлы дала елінен» атты онлайн концерт өткізді.
Білім • 24 Тамыз, 2020
Тәрбие мен білімді ұштастыру – басым бағыт
Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы алғаш рет онлайн-форматта өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен былтырғы Тамыз конференциясы қорытындыланып, алдағы жұмыстың бағдары айқындалды. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, педагогтер мен ғалымдар, сондай-ақ аталған саланың сарапшылары қатысты.
Пікір • 24 Тамыз, 2020
Қазақтың тойы қандай болу керектігі жөнінде менің айтар ойым ақиқаттың ақырғы жатысы демеймін. Өзімнің пікірім, сондықтан менің ойыммен келісетіндер де, келіспейтіндер де болар, бұл заңды дүние.
Абай • 24 Тамыз, 2020
Иллюминатордан қарағанда сонау төменде аппақ бұлттар көрінеді. Тура апасының сабаған жүніндей. Міне, сол аппақ бұлттың ішінде ол өзін қалқып ұшып жүргендей сезінген.. Бірақ неге аппақ бұлт осыншама ыстық? Ауа жетпей барады... Бір сәт аппақ бұлт сөгіліп төменге, жерге қарай құлап бара жатқандай. Апыр-ай, мына қалпымда жерге түссем, сүйегім шашылып қалатын болар... о, Алла... Ой, Алла... міне құлап барады....