Әлем • 17 Тамыз, 2018
Жаназаның үстіндеміз. Отыздың жуан ортасына енді ғана табан іліктірген азамат ағайын-туыстың отыз омыртқасын опырып, қырық қабырғасын қақыратып өмірден өтті. Және бір өкініштісі, ту сонау Кореяда. Сүйегін жеткізудің өзі қаншама машақат, бейнет болды.
Қоғам • 17 Тамыз, 2018
Халқымыздың қанындағы қайырымдылық, ізгілік қасиеттері, қиналғанға қол ұшын созу, барын бөлісу, жоқ-жітікке қанатымен су сепкен қарлығаштай болып көмекке ұмтылуы бүгінгі ұрпақ бойынан жоғалған жоқ. Бұл ел арасында атымтай азаматтардың еңбектерінен көрініс беруде. Маңғыстау облысында «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2017 жылы 59 іс-шара жүзеге асырылып, жалпы қаржысы 11 млрд 4 млн 514 мың теңгені құрады.
Тарих • 17 Тамыз, 2018
ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр
Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылында ойшыл, ақын Шəкəрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатыр.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2018
Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді
Биыл Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен Мемлекет басшысы шекараны белгілеп, мызғымастан күзетілуіне жоғары маңыз берді. Қазыбек би айтқандай, «жерінің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан» елдің шекарашылары бүгінде Елбасы сенімін, ел үмітін толықтай ақтап келеді.
Бизнес • 17 Тамыз, 2018
Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр
Жамбыл облысы негізінен еліміздегі аграрлық аймақтардың бірі. Мұнда асыраушы саланы дамытуға мол мүмкіндік бар. Көбінесе ет пен сүт өнімдерін өңдеуге бағытталған облыста өнеркәсіп өнімдері арасындағы баға теңсіздігі бұл күнде өзекті болып тұр. Мәселен, соңғы алты айда Жамбыл облысы жалпы көлемі 32 миллиард теңге болатын тамақ өнімдерін өндірген. Оның 7326 тоннасы сүт өнімдері екен. Өңірде 17 кәсіпорын осы салаға бағытталған болса, Меркі, Қордай сияқты 8 ауданда сүт өңдеу цехы жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың өнімдері ішкі нарықта сатылып, сүт өнімдерімен балабақша, аурухана және мектеп сияқты мекемелерді қамтамасыз етіп келеді.