Экономика • 18 Тамыз, 2022
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Ресей Сауда өнеркәсіп министрі Денис Мантуровтың хабарлауынша, 2022 жылдың мамыр айынан бері Ресей параллельді импорт бағдарламасы аясында 6,5 млрд доллардың тауарын импорттаған. Жыл соңына дейін мұндай сауда көлемі 16 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл сауда-саттықта Қазақстанның да үлесі бар.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Жыл он екі ай бағып-қаққан бұғы мүйізін кесу науқаны екі-екі жарым айға ғана созылады. Өз уақытында кесіп алмаса, былқылдап тұрған мүйіз өскен сайын қатая береді. Қатайған мүйіздің емдік қасиеті азая бермек. Сондықтан да бұғы баққан шаруалар мүйізін уақтылы кесіп алуға тырысады.
Әлем • 18 Тамыз, 2022
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Израиль Түркиямен қарым-қатынасының қайта қалпына келгенін хабарлады. Израиль премьер-министрі Яир Лапид кеңсесі Израиль мен Түркияның елшілері мен бас консулдарды қайта тағайындау туралы өзара шешім қабылдағанын мәлімдеді. Мәлімдемеде бұл шешімнің Лапидтің өткен маусым айында Анкараға ресми сапары кезінде президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде қабылданғанын алға тартты.
Әлем • 18 Тамыз, 2022
Ресей-Қытай байланысы: Ұстанымы қандай? Бағыты не?
Қытай Ресейге әскер жібереді. Бейжің өзінің «Восток» оқу-жаттығуына қатысуын ағымдағы оқиғаларға еш қатысы жоқ, бұл Мәскеумен тұрақты ынтымақтастықтың бір бөлігімен байланысты деп түсіндіреді. Жалпы, Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталғалы көптеген елдің Ресейге көзқарасы өзгергені белгілі. Ал Қытайдың ұстанымы қандай? Екі алып елдің бүгінгі қарым-қатынасындағы саясатты саралап көрейік.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2022
Егістікке есі кеткендер шабындық пен жайылымдарға қол салып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында халықтың өзіндік қосалқы шаруашылықтағы малдарын бағуы үшін 547,1 мың гектар жайылым жетіспейтіндігі анықталған. Кезінде жайылымдарды шетсіз-шексіз жалға алып, иеленіп алған көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдары соңғы жылдары астық дақылдарын өткізу проблемаларының жеңілдеуімен және сатып алу бағасының шарықтауымен қаншама жерді қосымша жыртып, егістікке айналдырып жіберген.