Әдебиет • 18 Тамыз, 2022
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Ел астанасы Алатау бөктерінен Арқаға ауған қос ғасырдың тоғысында алашқа аты мәлім небір қайраткер тұлғалар елорда төрінен қоныс тепті. Солардың бірі һәм бірегейі – мемлекет және қоғам қайраткері, «жырдың жезкиігі» атанған ақын Кәкімбек Салықов ағамыз еді. Осы жылдары қалалық басылым «Астана ақшамы» газетінің редакциясы Желтоқсан көшесінің бойында-тын. Дәл редакциямен іргелес Бөгенбай көшесі мен Желтоқсан көшесінің қиылысына жаңадан салынған қызыл үйде ағамыз тұрды. Сәл қолы босай қалса, жарықтық бәлсініп жатпай редакцияға бас сұғып, келіп-кетіп жүрді. Жай келмейді, қоғамның беталысы, еліміздегі саяси ахуал жайлы тың пікірлерін, ниет-пейілін жазып әкеледі. Кәкеңнің өмір жолы мен шығармашылығынан хабардар адам ретінде әр жолыққан сайын бірді-екілі сұрақ қойып, ағамыздың айтқан жауабын жазып алып жүрдік. Жарықтық көңілі түскенде әңгіменің тігісін жатқызып, жүрегіңе жеткізіп айтушы еді. Міне, биыл қайраткер тұлғаның туғанына 90 жыл толып отыр. Осы орайда балалық шағы қазақы ортада өтіп, кейінгі өмірінің дені кеңестік дәуірдің қазанында қайнап, КСРО кезінде жеке республика басқарған аз қазақтың бірі ретінде тарихта аты қалып, сонымен қатар оқыған мамандығы басқа болса да, ұлт руханиятына үлкен үлес қосқан ағамыздың аузынан жазып алған дүниелерді орайы келгенде, жастарға ғибрат, көпке өнеге болар деген ниетпен газет оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдік.
Сұхбат • 18 Тамыз, 2022
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Орта жолда жоспарымызды өңдеп, жөндеп, Жаңа Қазақстанға аяқ бастық. Ендігі жерде ел еңсесі тік, әр қадам нық болуға тиіс. Әр салада салмақты жобалар жүзеге асып, жан-жақты жұмыстар өз нәтижесін беруі керек. Жасыратыны жоқ, Қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғау саласындағы жаңашылдықтарды күтіп отырғандар көп. Тәртіп сақшылары әділет жолында ескі жүйені тәрк етіп, есті жүйені құруға атсалысқаны абзал. Осы және саладағы өзге де өзекті мәселелерге үңілу үшін запастағы полиция генерал-майоры, профессор Мирлан Қызыловпен сұхбаттасқан едік.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Өмірде бір көргеннен есіңізде қалатын адамдар болады. Сондай аяулы жанның бірі – өлкетанушы қаламгер Клара Әмірқызы. Мен ол кісіні алғаш 1995 жылы көрдім. Бірінші курс студентіміз. Қазіргі бас қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында әдебиетке жақын жастарға «Арай» студиясы жұмыс істейді дегенді естіп, бірге оқитын досымыз екеуміз келдік. Сөйтсек, осы студияны ашқан Клара апа екен. Бізді жылы қарсы алып, жақын тартып сөйлесіп, мейірімді жүзімен «енді келіп тұрыңдар» деді. Осы бейнесі жадымда ұмытылмай қалды. Ол кісі әр іс-шараны өте қызықты өткізетін. Бірде студияға жергілікті ақын-жазушыларды шақырып кездесу ұйымдастырса, енді бірде Ақмола өңірінің тарихы, көне жер-су атаулары және осы өлкеден шыққан атақты адамдар туралы тағылымды әңгіме өрбіткені есімде.
Тарих • 18 Тамыз, 2022
Көбіміз білеміз қазақта «Кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» дейтін тәмсіл бар. Сол сияқты ауызекі тілде «Ерді кебенек ішінде таны» деп те жатады. Сөйте тұра кебенектің не екенін көбіміз біле бермейміз.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Біздің жастар патриот па? Болмаса, олардың бойына патриоттық рухты қалай дарытамыз? Осы сұрақ аясында жастармен, мамандармен пікірлесіп көрдік.