Әдебиет • 14 Тамыз, 2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағы бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» деп олардың ұрпақ алдындағы еңбегіне лайықты бағасын берді.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2017
Жаңғыру үдерісіндегі Ассамблеяның үлесі
Павлодар облысы Қазақстанның индустриялдық аймақтарының бірі болып табылады. сондықтан Елбасы жариялаған үшінші жаңғыру басымдықтары өңір экономикасы дамуының басты бағыттары ретінде қарастырылады.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2017
Қарағанды облысында ауылдық округтер, кент және ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Оның қорытындылары жайында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғара Аймағамбетов БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2017
Жыл аяғына дейін 1000 пәтердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік бергелі отыр. Облыс орталығында баспана жайы өткір күйінде қалып отыр. 13 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр. Оның басым көпшілігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған санатқа жатады. Осыған орай Елбасы тапсырмасымен қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде солтүстікқазақстандықтардың жайлы баспанаға деген мұқтаждығы мен сұранысын өтеу үшін аймақтық абаттандыру тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Бұған дейін бір жыл ішінде 150-165 мың шаршы метр көпқабатты үйлер пайдалануға беріліп келсе, енді оның мөлшерін 30-40 мың шаршы метрге дейін ұлғайту белгіленді. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінде осындай шешім алынып, әдетте мерзімі тым ұзаққа созылып кететін жер телімдерін бөлу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тарту, сараптамалық, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы атқару, мемлекет-жекеменшік әріптестігін өрістету талап етілді. Мердігерлік компания басшыларының үйлердің бағасы арзан болу үшін құрылыс материалдарын жергілікті жерлерде шығару туралы ұсыныстары қабыл алынды. Басқа да шаралар қарастырылды.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2017
Халыққа қызмет көрсету жаңа сапада
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне таныстырды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) заманауи жаңалық көп. Жылдан жылға қызмет көрсету сапасы жақсарған, орталықта оң өзгерістер жетерлік.