Экология • 21 Тамыз, 2020
Әркім де жұтар ауаның жұпар болғанын қалайды. Әсіресе мұнай мен газ секілді табиғи байлық молынан өндірілетін Атырау секілді қазыналы өңір ауасының жай-күйі биік-биік мінберден айтылғалы қашан? Тіпті мұны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де бақылауда ұстап отыр. Енді аталған министрліктің ұсынысына сәйкес атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты тарату бастамасына Атырау қаласы да қосылып отыр.
Тарих • 21 Тамыз, 2020
Жазықсыз жапа шеккендер қасіреті ұмытылмайды
Өткен күндерде болған әділетсіздіктерді, қаншама халықтың кінәсіз жапа шегуін, қорлануын, кедейшілікте өткен өмірін ұмытуға болмайды... Кеңес өкіметі кезінде болған қуғын-сүргінді жылдар халқымызды есеңгіретіп тастады. Бұл ауыр кезең менің анамның отбасын да айналып өтпеді. Ата-анасынан көз жазып қалған кезде анам екіге де толмаған екен.
Таным • 21 Тамыз, 2020
«Қазақ» атауы қалай қайтарылды?
Біз әлмисақтан «қазақ» едік. Бірақ ХІХ ғасырдың басында отарлаушы патшалық Ресей тарапынан жасалған әкімшілік-территориялық қысымның кесірінен «қырғыз» (киргиз) атандық. Қараңыз, 1822 жылы Сібір губернаторы М.Сперанскийдің ұсынысымен жасалып, патша ағзам Александр І қабылданған қазақ даласын басқару жайлы құжат орыс тілінде «Устав о сибирских киргизах» деген атпен қабылданып, кейін бұл уақыт өте келе, яғни 1838 жылы «положения об отдельном управлении сибирскими киргизами» деп өзгертілді.
Ауыл • 21 Тамыз, 2020
Ел еңсесін көтеретін – еңбек. Құрқылтайдың ұясындай жып-жылы әсер беретін Қызылағаш ауылының еңсесін тіктеп, іргесін бекітіп тұрған да адал еңбектің арқасы.
Экономика • 21 Тамыз, 2020
Шикізат емес экспортқа басымдық беріледі
Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 пайызға өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда осы жылдың алғашқы 6 айында көрсеткіш 6,9 пайызға төмендеп кетті. Дүние жүзін шарпыған пандемия ішкі және сыртқы нарыққа кері әсерін тигізбей қоймады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, соның салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға азайды.