Руханият • 15 Тамыз, 2019
Қазақстаннан сыртта өмір сүрсек те, ғаламтордың дәуірінде атажұрттағы әдебиеттің заманауи озық түрлерімен дер кезінде танысып отыруға мүмкіндік бар. Әрине жеке-жарым шығармаларға көз жүгірту бір басқа да, тұтас кітапты оқу бір басқа. Осы тұрғыдан келгенде, өзім бас алмай оқып шыққан жазушы, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты Бегабат Ұзақовтың «Құлама құз, қара жер» атты кітабы – шұрайлы тілі, ерекше образдарымен ғана емес, бүгінгі адамзаттың рухани әлемінде болып жатқан түрлі өзгерістерді ұлттық дүниетаным негізінде саралай отырып, оны ғаламдық проблема деңгейіне көтере алуымен құнды дер едік.
Руханият • 15 Тамыз, 2019
Руханият • 15 Тамыз, 2019
Біздің студент кезімізде заман қандай еді, шіркін! Көңіл кең, үміт көп. Ютубтың иісі де жоқ. Журналистің аузына жұрт қараған кез. Алматыда шығатын төрт-ақ қазақ газеті бар: «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Спорт»... Аз болғаннан кейін де қадірлі. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіндегілермен балағында биті бардың біразы бірінші курстан-ақ газет редакцияларын төңіректеп жүретін. Әрине, алдымен баратыны жастардың сүйікті газеті «Лениншіл жас» қой. Кішкентай хабарымен аты көрінсе де қуанып жататын. Таралымы сол тұста үш жүз елу мыңның о жақ, бұ жағына баратын бұл басылымның танымалдылығы бөлекше еді. Көлемді дүниені, үлкен мақаланы, очеркті, өлең топтамасын газетке шығарғандарды былай қойғанда, шағын кескіндеме, орта көлемді мақала жариялағандардың аты-жөнін де әп-сәтте бүкіл республика біліп үлгеретін. Солардың бірі біздің Шәкизада болды.
Руханият • 15 Тамыз, 2019
Шерағаның қарындасы шерткен сыр
Шерхан Мұртаза – әрбір қазақ үшін аяулы есім, ардақты тұлға. Тумысынан текті, қара қылды қақ жарған ақиқатшыл азаматтың орны бүгінде ойсырап қалды. Туған елін, туған топырағын тәу етер киесі, жүз бұратын құбыласы деп қастерлеп өткен Шераға қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс еді. Ал сол туған топырақта уақыттың дауылы да, жауыны да өшіре алмас қаншама естелік бар.
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Жарық дүние есігін ашқан әрбір оныншы сәби – 15 жасқа толмаған қыздардың перзенті. Көкшетау қаласында 2018 жылы 15 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектердің 2965-і жыныстық ауруларға шалдықса, 2019 жылы олардың саны 3528 адамға жетті. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 9214-ке жетіп отыр.