Жануарлар • 10 Тамыз, 2023
Елімізде эндемик жануардың бірі – Каспий итбалығы. 2020 жылы 13 қарашада Каспий итбалығы Үкімет қаулысымен Қызыл кітапқа енгізілген. Дегенмен оны аулауға 2006 жылы тыйым салынғанымен, оларды заңсыз аулап жүрген адамдардың видеосы әлеуметтік желіде көрініс бергені бар. Осыған орай, тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араша түсіп, бақылауды күшейтуге пәрмен берген еді.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Биыл мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жарақтандыруға, «Жасыл белдеу» және «Сүт белдеуі» жобаларына бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл үшін республика бюджетінен 6,4 млрд теңге бөлінді. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2023
Кезекті матчтан кейін стадионды тазалап кететін жапондық жанкүйерлер есіңізде ме? Тура сондай үрдіс Орал қаласында да басталды. Бастаған – 10 жасар Әлихан Нұрзатұлы.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2023
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйытқы болуымен қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әкім Таразидің 90 жылдық мерейтойына орай «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында «Асыл сөздің ұстасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында қаламгер шығармашылығын зерделеу айы ресми түрде ашылғаны хабарланды.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Қаламгер мұрасын насихаттаған оқушылар
Жетісу төрінде Қытай қазақтары арасынан шыққан, айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан қаламгер Андас Омарақын оқулары өтті. Былтыр Андас әулеті ел ішінде «Үлгілі отбасы» атанған. Содан бері оқушылардың білімін шыңдап, газетке жаздырып әрі әдеби танымын кеңейтіп келеді. Оған осы іс-шара тағы бір дәлел.