Саясат • 17 Тамыз, 2022
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Геосаяси кеңістіктегі ахуалды қаперге алғанда еліміз үшін сыртқы саясат моделін ғылыми тұрғыдан пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы орайда әлем елдерімен, оның қатарында Шығыспен ынтымақтастық әрі өңірлік қауіпсіздікті жетілдіру жүйесі басымдыққа ие. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселесі» халықаралық жиынында аймақ елдері әріптестігінің келелі тұстары талқыланды.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2022
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Бір айдан кейін елорда төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Рухани және моральдық тәрбиені насихаттап, дінаралық және өркениетаралық диалогты қалыптастыруда маңызды алаң саналатын бұл форумның мәні жоғары екені анық. Ал биыл жетінші рет ұйымдастырылатын съездің ерекшелігі неде? Құндылығы мен басты қағидаттары қандай? Қазіргідей геосаясат пен саяси оқиғалар күн сайын құбылып, сәт сайын өршіп тұрған уақытта мұндай диалог алаңының берері не? Жалпы, Жаңа Қазақстан құруға қадам жасап жатқан еліміз үшін осындай халықаралық кездесулердің пайдасы қандай?
Әлем • 17 Тамыз, 2022
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Йеменде тараптар атысты тоқтату мерзімін ұзарту туралы келісімге келді. Елдегі азаматтық соғыс пен атысты тоқтату келісімі осымен екінші рет ұзартылып отыр. Тараптардың бітімге келуі елдегі тыныштықты сақтау тұрғысынан үлкен мәнге ие.
Әлем • 17 Тамыз, 2022
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Еуропа жаһандық энергия бағасының шарықтауына байланысты электр қуатын үнемдеуге көшті. Косово бұдан былай электр қуатын импорттауға шамасы жоқ екенін мәлімдеді. Ал Азия елдері әзірге Ресейден алатын электр энергиясының мөлшерін азайта қойған жоқ.
Әлем • 16 Тамыз, 2022
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Халықаралық қоғамдастық дабыл қағып жатыр. Әлем ашаршылық алдында тұр. Кейінгі геосаяси оқиғалар, жаһандық жылыну секілді мәселелер миллиондаған халықты ашқұрсақ қалдырған. «Жұт жеті ағайынды» демекші, азық-түлік тапшылығына энергетика саласындағы қымбатшылық, ауыл шаруашылығына қажетті тауарлардың бағасының өсуі де әсер етіп отыр.