Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобасы қолға алынғаннан бері туристік индустрияны дамыту ісі жаңа серпін алды. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Қарағанды облысына жасаған сапары барысында өңірдің өсу нүктелерінде және бірінші кезекте 10 туристік нысанның картасына енген Балқаш аймағында ірі халықаралық іс-шараларды жеке капиталды тарта отырып өткізуді және өңірдің туристік мүмкіндіктерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Көне шаһардың көрікті жерлерін тамашалады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Жастар жылына орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Тараз қаласында саяхат ұйымдастырды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралардың өңірлік жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатқаны анық. Жалпы, елімізде көпшілік біле бермейтін киелі жерлер көп, соның бірі – Балықшы әулие. Бұрындары осы Балықшы әулие туралы іздестіргенде сұрағандардың көбі тым алыста екенін айтып, алдаусырататын. Бір күні Серік сыныптасым «шілдеден кейін сәрсенбі күні ағайындармен Балықшы әулие басына барамыз, барсаң кешікпей кел», деді. Сөйтсек Теріскейден Түркістанға асатын жолдағы Суындық деген жерде орналасқан екен. Басында үлкен бұлағы бар, ішінде толған балық, суы суық, емдік қасиеті мол. Бұлақ басы тоғайлы, тасты жер, балығына ешкім тиіспейді. Әулиеге түнеп сыйынушылар балықтарға жем тастап, ырым етеді.
Қоғам • 13 Тамыз, 2019
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Жақында Ресейдің Сібір өлкесіндегі бір Бельгия мемлекетінің көлеміндей аумақты шарпыған алапат өрт төрткүл дүниені алаңдатқаны белгілі. Көрші елдегі тілсіз жаудың көк түтінінің лебі бізге де жеткенде «осындай жағдайға қаншалықты дайынбыз?» деген сауалдың туындағаны рас.