Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Жол азабынан жаны қиналған жолаушының есіне бұрынғыдан қалған, астарына атан түйеге жүк болар сыр жасырған «бір жол бар, жақын да болса алыс» дейтін сөзі түсер еді. Ақмола облысының Сандықтау ауданы аумағындағы жергілікті маңыздағы жолмен жүріп өткен жолаушы енді қайтып бұл өңірге ат ізін салмастай болары анық.
Руханият • 13 Тамыз, 2019
Игеру мен игілігін көрудің айырмасы
Ел ішінде «баяғыда Абылай хан Ер Жәнібек, Райымбек тәрізді батырларына «Өзеннің басын алмай өзегі сенікі болмайды» деп Ертіс пен Іленің бастауына қарай қоныстануды тапсырыпты-мыс» дейтін әңгіме бар. Кәсіби тарихшылар ештеңе демегенімен, бұл аңыз бұқараның арман-аңсарын, империя болып жүрген кезге деген сағынышын, жерге иелік етіп, қоныстанудың маңызын сездіреді. Қысқасы, жердің иесіз болмайтынын тұспалдайды. Бізді ежелгі жұрттың түкпір-түкпірін қоныс қылу мәселесі қызықтырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде күнгейден теріскейге бағытталған көштің жайы өзекті.
Руханият • 13 Тамыз, 2019
Балиғатқа жетпей әкесіз қалған перзент жетімдіктің тауқыметін тартпай қоймайды. Сондықтан болар, жетімнің жары Құдай деп, ел арасында оны «сағыр» деп те атайды. Латым – анасы өлген бота. Сонымен бірге өгей шешеден шапалақ жеген баланы да солай атайды. Құранда жетімдер туралы тікелей он жеті жерінде айтылған болса, ал ишаратпен айтылған аяттар одан да көп. Жетім жылағанда, аспан әлемі тітірейді. Жетімдер үйі мен мешіт екеуі бірдей қасиетті ұя саналмақ.
Руханият • 13 Тамыз, 2019
Қазақтың қарымы мен дарынының ерекше болғанына арғы-бергі тарихқа көз жүгіртіп, ой тоқтатсаң көзің айқын жетеді. Бүгінге жеткен ежелгі дәуір сөздері, халық ауыз әдебиеті, одан кейінгі ұлт данышпандарының дара байламы ұлт рухының қайнары болғаны айдай ақиқат. Оқымаса да тоқығаны ұшан-теңіз, ақыл дәриясын ағытқан жыраулардың жырындағы бір шумақта шым кестедей тұнып тұруымен қатар, ұлттық философияның да бастауы саналатыны рас.
Қоғам • 13 Тамыз, 2019
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын аталған дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан бұл инфекциялық ауру туберкулезден кейінгі екінші орында тұр. Ал гепатит жұқтырғандар саны АИВ санынан 9 есеге көп.