Жастар • 08 Тамыз, 2023
NEET санаты: Жалқау жастарды қалай азайтуға болады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысында: «Ұлы Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп өсиет қалдырды. Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз», дей келіп, Үкіметке жас ұрпақты еңбекке баулуға қатысты бірқатар тапсырма бергені мәлім. Соның негізінде мектептердің оқу бағдарламасына еңбек сабағы қайтадан енгізіліп, оқушыларды кәсіпке баулу қолға алынды.
Абай • 08 Тамыз, 2023
Хакім Абайдың данышпандық тұлғасы
Абай дейтін хакім, данышпан кісі еді. Абай дейтін хакім, данышпан кісі еді. Әттең, туған жері қазақтың іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қоғам • 08 Тамыз, 2023
Нұра өзенінен табылған сынап су жағасындағы жұртқа үлкен сынақ болып тұр. Бұл жолы экологтер сынапты ана сүтінен тапқан. Әңгімені әріден қозғасақ, 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Нұра өзенін «әлемдегі ең ластанған су айдыны» деп тапқан болатын. Тіпті өзеннің төменгі жағында орналасқан елді мекендер, ауыл шаруашылығы жерлері, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған кезеңде болған. Содан бері, міне, өзен жағасындағы жұрт сынабы бар суды ішуге, оны шаруашылыққа пайдалануға мәжбүр.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2023
Тірлігі қайта түлеген Барсакелмес
Әйгілі Барсакелмес қорығының іргесіндегі Қаратерең ауылынан ертелете шықтық. Күн арқан бойы көтерілгенше, біз мінген көлік ойлау жерден орғытып, қырлау жерден қарғытып біраз жерге ұзап кеткен. Кенет алда отырған жолбасшымыз Арман Жылқайдаров: «Әне, құлан!» деп саңқ ете қалды. Көлікті едел-жедел тоқтатып, жерге түскенімізше, бір үйір түз тағысы шаңдатып ұзай берді. Басын кегжитіп алған айғыры бізге анадайдан осқырына қарайды. Қасқақұландағы инспекторлар мекеніне жеткенше, саяқ жүргендері алдымыздан әлденеше рет кесіп өтті.
Спорт • 08 Тамыз, 2023
«Спорт әскеріміздің сапасын күшейтеді»
Әскери ортада бәсекеге қабілетті спортшы көп. Олар жеке спорт түрлері бойынша да, командалық сайыстарда да әрдайым үздіктер қатарынан көрініп жүр. Солардың бірі – Ақтау қаласындағы 3502 әскери бөлімінде сарбаз-атқыш болып қызмет ететін Мансұр МИМБУЛАТОВ. Жуырда сарбаз-спортшымен әңгімелесудің сәті түскен еді.