Тарих • 07 Тамыз, 2023
Америкадағы «Бостандық мүсінін» білмейтін адам аз шығар. Француз мүсіншісі Фредерик Огюст Бартольдидің жұмысы. Аталған ескерткішті 1876 жылы Франция АҚШ тәуелсіздігі декларациясының жүз жылдығына сыйға тартқанымен, ескерткіш тек он жылдан кейін салынып біткені туралы дерек бар. «Әлемге жарық шашқан бостандық» атты ескерткіштің халық аузында «Нью-Йорк пен АҚШ символы», «Бейбітшілік және демократия символы», «Бостандық әйелі» секілді бейресми атаулары жетіп артылады. Алайда осы топырақтың байырғы төл тарихынан, үндістерді қалай қырғынға ұшыратқанынан хабардар, тіпті ол туралы көркем дүниелерді оқыған адам бұл мүсінге қарап тұрып қалай ойлануы мүмкін?
Әдебиет • 07 Тамыз, 2023
Талант егіз келеді. «Талантты адам барлық жағынан талантты». Әлем әдебиетінде бір өзі бірнеше өнерді меңгерген тұлғалар аз емес. Мәселен, бағбаншы болған Гете, етік тігумен айналысқан Толстой пікірімізге дәлел. Қазақ топырағында ақындығымен бірге сазгерлік қырымен танылған тұлғалар жетерлік. Соның бірі һәм бірегейі – Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Жақында Теміртауды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі желінің құбыры жарылып, бүтін бір шаһар сусыз қалған еді. Жасыратыны жоқ, кейіні уақытта су құбыры тозып, апат жиілеп тұр. Бір жылдың ішінде 500-ден аса апат орын алыпты. Қарағандыдан тартылған каналдың 90 пайызының тозығы әбден жеткен. Қазір қала басшылығы құбырдың шіріген бөліктерін алмастырып жатыр. Жұмысқа ширап кірісті. Су да тұрғындарға кестемен беріле бастады.
Футбол • 07 Тамыз, 2023
Жарысты үш клубымыз жалғастырады
Өткен аптада Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен еліміздің үш командасы қарымта кездесулерін өткізіп, өкінішке қарай, Шымкенттің «Ордабасы» клубы жарыс жолынан шығып қалды. Ал «Ақтөбе» мен Қостанайдың «Тобылы» өз алаңдарындағы жауапты матчта жеңіліп қалса да, екі ойынның нәтижесі бойынша Еурокубок жарысының үшінші айналымына жолдама алды.
Теннис • 07 Тамыз, 2023
Теннистен жұптық сындағы еліміздің бірінші, әлемнің 45-ші ракеткасы Александр Недовесов Аустрияның Кицбюэль қаласында аяқталған ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты.