Руханият • 04 Тамыз, 2017
Қазақ мемлекеттік университеті құрылғалы бері университетті жиырмаға жуық ректор басқарып, әрқайсысы өздерінің қал-қадірінше міндеттерін атқарды. Солардың арасынан екі ректордың ұлтқа сіңірген еңбегін ерекше атап айтқан жөн. Олар − академиктер Төлеген Тәжібаев пен Өмірбек Жолдасбеков. Бір айта кететін жайт, екеуінің тағдыр талайындағы ұқсастықтар. Т.Тәжібаев ректор болып келген кезде университеттегі қазақ студенттер саны 10-11 пайызды ғана құраған. Сондай-ақ, қазақ оқытушылар саны да 5-6 пайыздың төңірегінде екен. Ол өзі басқарған бес жылда студенттер мен оқытушылар санын 50-де 50-ге жеткізіп, басқалармен теңестірді. «Тәжібаев қазақ студенттері мен оқытушылар санын көбейтіп жіберді» деген арыз-шағымдар көп түсті. Иә, ол ұлтын жанындай сүйгендіктен басшылыққа жалтақтамай осындай батыл қадамға барды.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2017
Түркістан өңірі су тапшылығын сезінуде
«Отын – олжа, су – қорлық» дейді атам қазақ. Түркістан маңындағы мыңдаған суармалы жерлерді игеру мақсатында біраздан бері көтеріліп келе жатқан мәселенің бірі Сырдария суын Арыс-Түркістан каналына құятын 41,7 шақырымдық машиналық каналды құру еді.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2017
Тұрғын үй құрылысы тұрақты назарда
Зырян ауданында мемлекеттің «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысының барысы журналистерге таныстырылды. Қаланың оңтүстігінде бой көтергелі жатқан тұрғын үй кешеніне бағдарлама бойынша 460 миллион теңге қаржы бөлініпті.
Бизнес • 04 Тамыз, 2017
Бизнестің басты міндеті не? Әрине, өз өнімдерін өткізу. Қазақстанның интеграциялық үдерістерін ескере отырып, отандық тауар өндірушілер мен квазимемлекеттік сектор арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың маңыздылығы жөнінде жиі сөз қозғалуда. Астанада өткен «Ұлы дала елі» форумында қазақстандық бизнесмендер «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларының ерекшеліктері туралы «Самұрық-Қазына Келісімшарт» еншілес компаниясы өкілдерінің өз ауыздарынан естуге мүмкіндік алды.
Футбол • 04 Тамыз, 2017
Неймар ресми түрде ПСЖ ойыншысы атанды
«Барселона» командасында төрт жыл өнер көрсеткен бразилиялық шабуылшы Неймар келер маусымды Францияның «Пари Сен Жермен» ұжымында жалғастыратын болды.