Қоғам • 08 Тамыз, 2019
Әйгерім Тәжі: Ертең не күтіп тұрғаны өзіме де қызық
Әйгерім Тәжінің ерекше көзқарастағы бейнелі жырлары әдеби сыншылардың назарын бір сәтте жалт қаратты. Ақынның жырлары бірнеше тілге аударылып, әлем әдебиетіне үн қосып жатыр. Жуырда АҚШ-тың «Zephyr Press» баспасынан «Бумажная кожа/Paper-Thin Skin» атты жинағы орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. 2016 жылы аталған кітапты аударуға АҚШ-тың өнерді қолдауға бағытталған Ұлттық қорының арнайы екі еселенген гранты берілді. Қор құрылғалы бергі 50 жылда жеңімпаздардың арасында қазақстандық ақынның кітабы алғаш рет ілігіп отыр. Алматыда ақынның біз айтып отырған жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Ақынмен дидарласып, аз-кем әңгіме өрбіткен едік.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Жерді тиімді пайдалану оң нәтиже береді
Облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданы кезінде тары, жүгері егумен аты белгілі аймақтың бірі болған. Алайда кейінгі жылдары ауданның әлеуеті әлсіреп, шаруасы шатқаяқтай бастағанын өңір жұртшылығы жақсы біледі.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Мұнай тасымалдаудағы маңызды технология
Қазақ ғалымдары мұнай тасымалы кезінде Ньютон заңына бағынбайтын құбылыстардың әсерін анықтады. Бұл жаңалық туралы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында Сәтбаев университеті мен «ҚазТрансОйл» АҚ ғалымдарының ғылыми зерттеулерін Мемлекеттік сыйлық номинацияларына ұсыну жөніндегі жиында айтылды.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Екібастұзға 35 отбасы көшіп келді
Бүгінде Екібастұз қаласының әкімдігі өзге өңірлерден қоныс аударушыларға 318 пәтер беруге дайын. Биыл маусым айында елордадан 60-қа жуық көп балалы отбасы көшіп келген-ді. Енді бұл тәжірибе еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылмақ.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Алыстағы Аққұм ауылы атына сай құмдауыт жерде қоныс тепкен. Мұнда су тапшы, тұрғындар ауласына көкөніс егуге, бала-шағасын «көкше байлықпен» алдауға мүмкіндігі аз. Ауласында жайқалып тұрған көкөнісі болмаған соң, амал жоқ маңайдағы диқандарға қарайлайды. Баяғы бей-берекет заман емес, бүгінгінің диқаны қолындағысын пұлдап береді. Ауылда асып-тасып бара жатқан қаржы жоқ. Сондықтан бұл ауыл халқының дастарқанына көкөніс көп қойылмайды да.