Салық • 28 Тамыз, 2024
Жаңа Салық кодексі: Үкімет пен Парламенттің сыналар сәті
Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеушілерге қатысты айтылар пікір де, сын да баршылық. Қоғамдық пікір салықтың бюджетке емес, нарыққа, сол арқылы бизнеске дем бергенін құптап тұр. Апта басында Құрылысшылар одағы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында сарапшылар, бизнес-қоғамдастық өкілдері және мүдделі мемлекеттік органдар салық пен нарық арасындағы түйткілді мәселелерді талқылады.
Сараптама • 28 Тамыз, 2024
Отбасыңызға қанша уақыт бөлесіз?
Бала-шаға, жан жарыңмен бірге уақыт өткізу – отбасылық ынтымақты нығайтып, берекені арттыратын, сондай-ақ әрбір отбасы мүшесінің дамуына ықпал ететін маңызды фактор. Отбасылық өмірдің бұл негізгі аспектісі тиімді қарым-қатынас пен эмоционалдық тұрақтылыққа ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар саламатты әдеттер мен күшті отбасылық үйлесімділік сезімін қалыптастырады.
Мирас • 28 Тамыз, 2024
Садақ көшпелі бабаларымыздың басты қаруы десек қателеспейміз. Көне атауы «қара санай» аталған бұл әскери қару өз заманында позициялық шайқас жүргізуге, аз күшпен қарсы жаққа алыстан зор шығын келтіруге мүмкіндік береді. Мұны ұстаған қазақ мергендері туралы мұра халық ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Мысалы, «Бұлғары садақ, бұқаржай» (Қобыланды батыр), «Садақ толы сай кез оқ», «Көн садақтың ішінде, көбе бұзар жебе бар» (Махамбет), «Қарағайдан садақ будырып, қылшанымды сары жүн оққа толтырып» (Қазтуған) деген жолдар бар.
Көрме • 28 Тамыз, 2024
Атом энергетикасына арналған көрме
Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған «KazAtomExpo-2024» халықаралық көрмесі жұмысын бастады. Іс шара аясында қатысушыларға еліміздің атом энергетикасы мен ғылым саласындағы жетістіктері, сондай-ақ осы саладағы мүмкіндіктері таныстырылды. Көрме атом саласына мамандар даярлайтын отандық жетекші университеттердің ғылыми және кадрлық әлеуетін де көрсетті.
Сұхбат • 28 Тамыз, 2024
Исламбек Салжанов: Көшпелілер ойындары төл спортымызды жаңа белеске шығарады
Санаулы күннен кейін Астанада төрткүл дүние көз тіккен Дүниежүзілік көшпелілер ойындары басталады. Апта бойы Арқа төсінде этноспорт Олимпиадасының туы желбіреп, көшпелі халықтардың көшелі өркениеті әлем назарына ұсынылмақ. Бұл ретте этноспорт түрлері екпін алып, биік белестен асуы үшін Ұлттық спорт қауымдастығы құрылып, бірнеше жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2022 жылы Ұлттық спорт қауымдастығына «Алтын қыран» қорының президенті Исламбек Салжанов сайланды. Іргелі істің шаруасын екі жылдан бері тізгіндеген басшыдан ұлттық ойын түрлері өрісін ұлғайту бағытында атқарылған һәм келешектің еншісіндегі жоспарды сұрадық.