Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Айыртау ауданы Имантау ауылында әрбір оныншы отбасы жылыжайда көкөніс, гүл өсірумен айналысады. Олардың арасында «Омаров» жеке кәсіпкерлігінің орны бөлек.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Санаулы күн бұрын қазақстандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті. Батыр қыздың Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымдық аралығын 15 сағат 15 минут уақыт ішінде гидрокостюм кимей жүзіп өтуі – әлемдік деңгейдегі сенсация.
Руханият • 27 Тамыз, 2019
Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандардың тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласқан ірі тұлға, Абылай ханды жоңғарлардан тұтқыннан босатқан Қаздауысты Қазыбек би өмірінің соңғы жылдарын Баянауыл ауданындағы Жаңатілек елді мекеніне қарасты Сеңкібай деген жерде өткізгені мәлім. Сеңкібай Оразғұлұлы Бөгенбай батырдың бас батырларының бірі болған адам. Қаздауысты Қазыбек бидің аталас туысы. Сол жылдары Сеңкібай ауылымен іргелес Қарағайлы бұлақта Едіге би Төлебайұлы, Бәйтекеде Тайкелтір би Айдаболұлы тұрып аралас-құралас жүрді.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Қандастарды рухани серпілткен «Туған жер»
Қостанаймен іргелес Челябі облысын 36 мың қазақ жайлап отыр. Жайықтың бойында орналасқан Верхнеуральск қаласын қазақтар баяғыда Талқала деп атаған. Қала бүгінде Верхнеуральск ауданының орталығы болып саналады. Бұл жерде 3,5 мың қазақ тұрады. Жайықтың нақ осы тұсында халқымыздың ауыз әдебиеті маржандарының бірі «Қыз Жібек» жырының оқиғасы өткен деседі. «Жылқысының көптігінен баға алмайтын» Жағалбайлы елінің жайлауы осы жер, олардың ұрпағы әлі отыр. Мұндағы әр отбасының тарихы таңды таңға ұрып айтуға жетеді.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Нұрсейіт тамында талай сыр бар
Құрамы өңірлік телеарна операторларынан құралған түсірілім тобымен Әйтеке би ауданының оңтүстігіне бет алдық. Жағалай созылып жатқан Мұғалжар тауының сілемдерін бойлай ағып жатқан Ырғыз өзенін жанамалай отырып жолда қиыршық тас карьерін басып өткен қара жол ашық далаға бастады. Экспедиция мақсаты ауданның камера көзіне ілікпеген тарихи-мәдени кешендерін бір сүзіп өту болатын. Сапар барысында біздің көзімізді таң-тамаша күйде қалдырған ортағасыр ескерткіші өзінің ерекше архитектуралық және ішіне жасырған жұмбақ көрінісімен назарымызды еріксіз аударды.