Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Оралда жаңартылған көпір қайта ашылды
Орал қаласында «Омега» зауыты аумағындағы көпір 2018 жылдың қараша айында күрделі жөндеу үшін жабылған болатын. Құрылысы дәл 21 айға созылған көпір өткен жексенбі күні қалалықтардың игілігіне қайта берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Тамыз, 2020
Тәжікстан Республикасының азаматы Бобораджаб Джавлиев туған жеріне, отбасына оралмағанына жиырма жыл болыпты. Сонау 2000 жылы табыс табу үшін Ресейге барған сапарынан әлі орала алмай жүр. Бірде Мәсекеуде, енді бірде Тулада құрылыс жұмыстарымен айналысыпты. Ал былтыр көшеде жүрген оған атыраулық Леонтий Демяшев кездесіпті. Бірақ Тәжікстан азаматы Атырауға қашан, қалай келгенін есіне түсіре алмады.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Алтын артқан автокөлік шекарада ұсталды
Қостанай облысындағы «Қайрақ» бақылау бекеті арқылы Ресей асып бара жатқан жүк көлігінен 10 тонна алтын кені табылды. Көліктегі жүк құжат бойынша кварцит минералы деп ресімделген. Үйдей-үйдей 12 үлкен қапқа салынған алтын кенінің әр тоннасынан кем дегенде 1 келі таза алтын алуға болады екен. Заңсыз жүкті шекарашылар тәркілеп алды.
Оқиға • 03 Тамыз, 2020
Алғыс арқалаған хаттың ақиқаты
Заң талабын сақтай отырып, әділдікті ту еткен соттың шешіміне өз ризашылығын білдірген бір хат редакциямызға келді. Оны Шымкент қаласының тұрғыны Қанат Жартыбеков деген азамат жолдапты.
Әлем • 03 Тамыз, 2020
Euronews арнасының хабарлауынша, еуропалықтардың өмір сүру жасы ұзара түскен. Мұндай нәтижеге ауа ластануына жол бермеу үшін қабылданған шаралар арқасында қол жетіп отыр. Жүргізілген зерттеулер бойынша, «қарт құрлық» тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 9 айға көбейген. Яғни Air Quality of Life Index түзген тізімде ауаның ластануы адам өміріне тікелей әсер ететіні анықталған.