Алматы • 24 Тамыз, 2023
Алматы қоқыс алаңына айналмасын десек
Әлемнің әр қиырында сәт сайын жиналып жатқан миллиондаған тонна қалдықпен бірнеше көлді толтыруға болады десе сенесіз бе? Бұл қоршаған ортаны тұрмыстық һәм өндірістік қалдықтан қорғау ғаламдық экологияның өткір мәселесі екенін көрсетеді. Өндіріс өркен жайған жаңа мүмкіндіктер дәуірінде де бұл проблема өзектілігін жоймай отыр. Әсіресе халық тығыз орналасқан алып мегаполистерде қалдық қорының шамадан тыс ұлғаюы, енді 20-30 жылдан кейін бұл проблеманы тіптен күрделендіре түсетінін айтып мамандар дабыл қағуда.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2023
2025 жылға дейін Қостанай облысының барлық ауылын интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Еркін Әбіл мен Екатерина Смышляеваның Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім болды.
Жоба • 24 Тамыз, 2023
Педагогтер арасында болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады деген түсінік бар. Расында да, бала өмірінде ойынның орны орасан. Бала ойында өзін қалай ұстаса, ересек өмірде де солай ұстайды. Бұл қағиданы дер кезінде түсінген Қазбек Сағидолда мен Алтынбек Сұлтанқұлов бірден әрекетке көшкен. Олар балаларға арналған iBars-Kids білім платформасын ойлап тапқан.
Технология • 24 Тамыз, 2023
Жасанды интеллект жәрдемші ме?
Бүгінде адам ақыл-ойының компьютерлік баламасы саналатын жасанды интеллект туралы қоғамда түрлі пікір бар. Бірі оның пайдасы зор десе, енді бірі жұмыс күшінің азаюына әкеледі деп қорқады. Ал шын мәнінде біз көп естігенімізбен, сырын түсініп үлгермеген танымал технологияның артықшылығы мен кемшілігі неде?
Елорда • 24 Тамыз, 2023
Елордада «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті. Қазіргі уақытта бас жоспар жобасы келісу сатысында тұр.