Руханият • 23 Тамыз, 2019
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Сингапурлық инвесторлар халықаралық білім беру кластерін салады
Сингапурлық KinderWorld International Group Ltd компаниясы Шымкентте білім метрополисінен тұратын халықаралық білім беру кластерін салуға ниет білдірді. Аталған орталықта халықаралық мектеп, колледж және балабақша болады деп жоспарлануда. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов сингапурлық компания төрағасы Рики Тэнмен кездесті. Тараптар білім орталығының болашақ әлеуетін талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Солтүстікқазақстандықтар да Арыс қаласында болған апатты жағдайға қабырғалары қайысып, алғашқылардың қатарында көмек қолдарын созуға асыққан болатын. Жер-жерлерде ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларына жекелеген адамдар, кәсіпкерлер, зейнеткерлер қызу үн қосып, 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Қызылорда облысының Шиелі ауданында күріш орағы басталды. Бестам ауылындағы «Бестам елі» шаруа қожалығының алқабында бастау алған биылғы «Алтын орақ» мерекесі шиелілік диқандардың басын қосып қана қоймай, көршілес Жаңақорған ауданы егіншілерін де қамтыды. Ауа райы мен егін егу технологиясы ұқсас іргелес аудандар бір-бірінің озық тәжірибелерін бөлісе отырып, ынтымақты жұмыс ұйымдастыруды жалғастыруы қолдауға тұрарлық шаруа. Күріш ору науқанының басталу шарасына арнайы қатысқан Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов осылай дейді.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
Адал еңбек абырой биігіне көтереді
Көптеген мамандық иелерінің ішінде сөзден гөрі нақты іске бейім мамандық өкілдерінің бірі – мал дәрігерлері. Ветеринарлар туберкулез, бруцеллез, эхиноккоз және басқа да аурулармен алысып жүріп қақаған қысты да, аптап жазды да төрт түлікті емдеумен өткізеді.