Экология • 24 Тамыз, 2022
Ауаның ластануын төмендету аймақтарда жіті назарға алынады
Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша, 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистердің ішінде 9 қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп танылды. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Жезқазған қаласы осы жылдың басында жоғары деңгейден орташа деңгейге өтті. Осы жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен аймақтардың экологиялық жағдайы туралы брифингте кеңінен мағлұмат берілді.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 27 технологиялық қондырғыда жоспарлы жөндеу жүргізу көзделіп отыр. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекте басталады. Негізгі мақсат – өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін, бақылау-өлшеу аспаптарын куәландыруға байланысты жоспарлы жөндеу жүргізу.
Әлем • 24 Тамыз, 2022
Бірлескен оқу-жаттығу нені көздейді?
Корей түбегінде Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының бірлескен әскери жаттығулары өтіп жатыр. Шыңдалған әскери күштер Солтүстік Кореяға қарсы соғысқа жұмылдырылады.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Бір қарағанда егістік алқабы, шүйгін шабындығы мол болып көрінетін Ақмола өңірінде де ауыл тұрғындары жайылым және шабындық жердің тапшылығын көріп отыр. Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының жанды жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 59 мың гектарға жуық жер қайтарылды.
Қоғам • 24 Тамыз, 2022
Қару ұрлағандар «қармаққа» түсуде
Құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасына қатысты кезекті деректерді ұсынды. Тергеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқандықтан, шын кінәлілерге жаза кесіліп, қолды болған қару-жарақтар табыла бастады. Осы және өзге де ресми ақпараттар Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.