Медицина • 22 Тамыз, 2023
АИТВ инфекциясын жедел анықтайтын тест
Статистика көрсеткендей, АИТВ жұқтырғандардың 30%-ы бұл аурумен ауыратынын білмей жүре береді. Мұндай жағдайда аурудың қозып, ЖИТС-ке айналу қаупі жоғары. Сондай-ақ дертінен бейхабар адамдар басқаларға да қауіп төндіреді. Бұл қатердің алдын алатын амал – АИТВ инфекциясын анықтайтын экспресс әдіс.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2023
Қыста қалтырамас үшін қамданыс
Елімізде коммуналдық желілері әбден тозған төрт облыс болса, соның бірі – Қарағанды облысы. Екібастұздағы былтырғы апаттан кейін жылу желілерін жаңарту жұмыстары жандана бастады. Әйтпегенде, алты ай қысты өткеретін Қарағанды, оның ішінде құбырларының тозығы әбден жеткен Теміртау Екібастұздың кебін киеді екен. Кеңес дәуірінен бері келе жатқан жылу желілері жаңартылмаса, қыстан қалтырап шығуымыз әбден мүмкін де еді...
Университет • 22 Тамыз, 2023
Аграрлық университеттің жаңа кезеңі
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрамына алты ірі ғылыми-зерттеу институты мен екі тәжірибелік шаруашылық берілді.
Білім • 22 Тамыз, 2023
Ана тілінен жеріген ата-ана орыс сыныбын көбейтіп отыр
Биыл Астана қаласында 1-сыныпқа баратын оқушылардың 40 пайызы (10 571 бала) орыс сыныбына қабылданған. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтындардың кемінде 80 пайызы уызға жарып өсуге тиіс болса да, елеулі бөлігінің орыс тілді сыныпты таңдауына не себеп? Ата-ананың елдік жауапкершілігі төмендеп кеткен жоқ па? Қазір қоғамда осы мәселе қызу талқыланып жатыр.
Әскер • 22 Тамыз, 2023
Үздік сарбаздар тегін білім алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне білім беру жеңілдіктерін ұсыну арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру жөнінде тапсырма берген болатын. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жоба биыл қолға алынып, көктемде мерзімді әскери қызметін өткеріп, запасқа шығарылған азаматтардан жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау жалғасып жатыр.