Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Жылу орталығында жұмыс қарқынды
Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозғанын айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге ширақ қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуды тапсырған болатын. Бұл орайда Үкіметке, ең алдымен, биыл апатты жағдайдағы 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жүктелді.
Медицина • 23 Тамыз, 2024
Бес адамға өмір сыйлаған донор
Донор тапшылығы – әлемдегі өзекті мәселенің бірі. Жыл сайын кезегін күтіп, донор жетіспеушілігінен қайтыс болатын науқастардың да қатары артпаса, кеміген емес. Көз алдында келместің кемесі таяп келе жатқанын жүрегімен сезінген сырқаттың ажалына араша түсуде донордың маңызы зор. Ал ғайыптың күшімен трансплантация жасалып, ағзасы ауысқан жандардың қалай кенен шаттыққа бөленетінін дәрігерлер қауымы түсінеді.
Инвестиция • 23 Тамыз, 2024
Инвестиция тартудағы іргелі іс
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу мен инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп келеді. Өңірде жалпы аумағы 594 гектар болатын 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы бар. Бұл аймақтарда инвестициялық құны 190 млрд теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асырып жатыр.
Энергетика • 23 Тамыз, 2024
«Қайқы желқалақ» – жел энергетикасының болашағы
Өткен шілде айында «Egemen Qazaqstan» газетінде «Энергия тапшылығы қалай шешіледі?», (13.08.2024) деген мақала жарық көрген еді. Бүгінде елімізде электр қуатының жетіспеушілігі айқын мәселе. Әсіресе оңтүстік өңірде энергия өндіріс пен әлеуметтік қолданыстың 40 пайызын қамтамасыз ете алмайды. Оны толықтыру үшін Екібастұздан Семей арқылы жоғарғы кернеулі желі тартылды, бірақ осы кезде 22-25 пайыз энергия босқа жоғалып жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына көкпар ойынына қатысуға ықылас танытқандардың арасында АҚШ құрамасы да қызу әзірлік өткеріп жатыр. Әлеуметтік желіге оқу-жаттығу жиынын жариялаған ковбойлар Астана төріндегі дүбірлі доданың жүлдесінен дәмелі. Америкалық көкпаршы Ник Уиллерт өзінің жеке дайындығын жариялап, командасындағы өзге де әріптестерінің әзірлігі жоғары екенін мәлім етті.