Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Қылмыстық процесті жаңғырту – заман талабы
Биыл еліміздің прокуратура органдары үшін өзгерістерге толы жыл болды. Шілде айында бірқатар жаңашыл бағыттағы «Прокуратура туралы» заңының күшіне енгені белгілі. Аталған заңда прокуратураның нақты үш міндеті айқындалды. Біріншіден, бұл – жоғары қадағалау, екіншіден – сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету, үшіншіден – мемлекет атынан қылмыстық қудалау.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №905 қаулысымен бекітілген Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы әзірленді.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Басты құндылық – адамдардың құқықтары мен бостандықтары
Еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларындағы оң өзгерістермен қатар, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіру ойдағыдай жүргізіліп, соған сәйкес сот-құқықтық реформалар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстері қабылдануымен ұлттық құқық жүйесі халықаралық стандарттарға ұштастырылып, қылмыстық құқық саласының дамуына үлкен қадам жасалды. Тергеу судьясы, процестік келісім, айғақтарды сақтау, қылмыстық теріс қылық, т.б. заманауи жаңа институттар мен новеллалар күнделікті ұғымдарға айналды. Сот төрелігін атқару үш буынды жүйеге көшіп, сот сатылары оңтайландырылды. Осы және басқа да мәселелерге байланысты біз Жоғарғы соттың судьясы Ерден Әріповке жолығып, сот-құқықтық реформалар бағытындағы жаңа өзгерістер туралы айтып беруін сұрадық.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2017
Әуезовтің домбырасы. Бірден бірге ауысып, бүгінгі күнге қалайша жеткен еді?
Мұхаң елдегі досына астанадағы белгілі шеберге, тегі эмануил романенко болса керек, арнайы тапсырыспен домбыра жасатып, балтақай ақсақалдың сол тұста алматыда оқып жатқан інісі бақыштан беріп жібереді. Әлгі домбыраны үйренуге мұндағылардың бәрі құштар болыпты. Манатай мектеп оркестріне осы домбырамен қатысыпты. мұхаң алпыс жылдығына орай елге келгенде өзіне күй шертіп берген бұған риза болыпты деседі.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Мүмкіндігі шектеулі жанның құқы қорғалса игі
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ресми түрде хат түсті. Бұл мәлімдеме Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұдан бұрын мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне қатысты ел Премьер-Министріне жолдаған үндеу хатына байланысты тиісті ведомствоның құзыреті шеңберінде берген жауабы екен. Аталмыш үндеу хатта аталған проблемалар кең ауқымда қозғалып, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар баяндалған.