Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Ольга Гонтарёва – он саусағынан өнер тамған шебер қыз. Ол Қарағандыдағы техника-құрылыс колледжінде оқиды. Оқуын бітіргенде ол техник, дизайнер, реставратор мамандықтарын алып шығады.
Тарих • 19 Қыркүйек, 2019
Айдаладағы құмның арасынан шыққан бұл дүниенің не құпиясы бар? Оны біз білмейміз. Білетініміз – патера деген ыдыстың сабы екендігі ғана.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Шәмші әндері Түркістан төрінде шарықтады
«Менің Қазақстаным» ән байқауы биыл Түркістан қаласында алғаш рет өтті. Жалпы осымен 23 рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі, қатысушы үміткерлер ұлы композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың кез келген әнін орындап, оны әлеуметтік желіге жариялау арқылы дауыс жинады. Көпшіліктің қолдауына ие болғандар ақтық кезеңге жолдама алды.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2019
Үш жүлде, екі жолдама. Еліміздің грек-рим күресі шеберлері әлем чемпионатын осылай қорытындылады
Бұл күндері Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері 1 күміс және 2 қола медальмен қорытындылады. Атап айтсақ, 55 кило салмақта белдескен Қорлан Жақанша екінші орынды иеленсе, 60 кило және 63 кило салмақ дәрежелерінде күш сынасқан Мейрамбек Айнағұлов пен Алмат Кебісбаев үшінші сатыға табан тіреді. Осы нәтиженің арқасында бейресми командалық есепте жерлестеріміз Өзбекстан құрамасымен бірге 8-9 орындарды өзара бөлісті.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2019
«Астана» «Манчестер Юнайтедті» жеңе ала ма?
Әрине, төтесінен қойған сұрағымыз біраз ыңғайсыз және күлкілі болуы мүмкін, бірақ футболда сіз бен біз күтпеген нәтижелер де тіркеліп жататынын естен шығармаған жөн. «Астана» МЮ секілді әлемдегі ТОП командамен бірінші рет жолыққалы тұрғанымен, Еуродода бәсекелерінде бірінші жыл ойнап жатқан жоқ.