Әлем • 18 Қыркүйек, 2019
Жапонияның қағаз жасау технологиясы несімен ерекше?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын көлемді Жолдауын жариялады. Еліміз үшін маңызы зор осы бағдарламада «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деген еді. Біртұтас ұлт дегеніміз ынтымағы жарасқан ел ғана емес, төл мәдени құндылықтарын қастерлейтін, заманауи даму жолында өзіндік ұстанымы бар ұлт. Ұлттық тұтастығын ойлайтын халық әрдайым төл өнімдеріне басымдық береді және өнім өндіру ісінде де ұлттық құндылықтарды жоғары қояды. Осы тұрғыда ұлттық бірегейлігімен әлем жұртшылығын өзіне қаратқан жапон халқын мысалға келтірсек. Мәселен, қағазды алайықшы. Қағаз адамзат баласына ортақ дүние болғанмен, әрқайсымыз күн сайын көріп жүрген қарапайым парақтарды жапондар ұлттық құндылық санатына жатқызады екен. Дамудың биік шыңына жеткен ел бола тұра Күншығыс халқы өзінің ұлттық қағазы вашидің көне замандағы технологиясын, яғни қолмен жасау әдістерін әлі күнге сақтап отыр.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Медициналық сақтандыру тұрғындардың шығындарын 2 есеге азайтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге ерекше көңіл бөлді. Бұл жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл ретте тегін медиицналық көмек әрбір қазақстандық үшін қолжетімді болады. Осыған орай денсаулық сақтау жүйесінде қандай өзгерістер болатыны туралы тиісті ведомствоның вице-министрі Лязат АқтаеваМЕН әңгімелескен едік.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
АИТВ жұқтырғандардың 10 пайызы ем қабылдамайды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметі бойынша әлемде АИТВ жұқтырғандардың саны 37 млн-нан асып жығылады. Бұл дерек мұнан да көп болуы ықтимал. Өйткені дауасыз дертке шалдыққандардың бір бөлігі өз ахуалынан хабарсыз болып келеді. Оны абайсызда жұқтырған жасөспірімдердің бірқатары ата-анасына өтірік айтуға, жағдайды жасыруға мәжбүр.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Махсұдхан Әбләзімов журналистермен кездесіп, облыстағы қылмыстық ахуал туралы айтып берді. Әсіресе мал ұрлығымен күрес өңірде өте өзекті болып тұр екен.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Өзім сүйіп оқитын «Egemen Qazaqstan» газетінде қазақ қоғамында жиі кездесетін некенің тұрақсыздығы, жас отау иелерінің қиындыққа шыдамай тез ажырасуы, отбасылық құндылықтардың азаюы секілді шетін мәселелер кеңінен қозғалып, құнды пікірлер тоғысына арқау болып жүр.