Әлем • 20 Қыркүйек, 2023
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Орнықты даму мақсаттары жөнінде саммит өтті. Кездесуде орнықты даму мақсаттарына қатысты көптеген мәселе талқыланды. Жиын барысында Украинадағы соғыс әлемді түпкі жоспардан алаңдатпағаны атап өтілді. Дегенмен 2015 жылы алға қойылған мақсаттарды 2030 жылға дейін орындау мүмкін еместігі де сөз болды. Әсіресе бұл кедейлікпен күреске және қоршаған ортаны қорғауға қатысты.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Атом энергетикасы және ел болашағы
Жуырда Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта «Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» атты X халықаралық конференция өтті. Айтулы жиынға әлемдік деңгейдегі танымал ғалымдар шақырылып, олар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және оның қауіпсіздігі жайындағы ойларын ортаға салды. Жапония, АҚШ, Франция, Қытай, Мажарстан, Ресей, Қазақстан ғалымдарының басын қосқан іс-шараны Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков жүргізіп отырды.
Энергетика • 20 Қыркүйек, 2023
АЭС салу керек пе? Тақырыпқа таңдалған осы бір маңызды сұраққа «Байтақ» жасылдар партиясы ұйымдастырған баспасөз конференциясында энергетика саласының ғалымдары мен мамандары толыққанды жауап қатты деп ойлаймыз.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Күні кеше қазақ спортының жеңіс шежіресіне таңбаланатын тарихи белдесу өтті. Сербия астанасы Белградта өткен еркін күрестен әлем чемпионатында отандасымыз Ризабек Айтмұқан соңғы секундтарда әзербайжан балуанынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Тарихи дейтініміз, Ризабек – еркін күрестен әлемдік біріншілікте жеңіс тұғырына көтерілген тұңғыш қазақ. Бірақ...
Әлем • 20 Қыркүйек, 2023
АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясы
«Wall Street Journal» басылымында АҚШ президенті Джо Байден мен Орталық Азия басшыларының кездесуіне қатысты мақала шықты. Ақпарат құралында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының саммиті аясында Ақ үй басшысы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттерімен келіссөз жүргізетіні айтылған.