Соңғы кездері біздің әріптестер де, шенеуніктер де бұқараның арасында әлеуметтік масылдық кең тарай бастағанын жиі айтатын болып жүрміз. Дүрмекке ереміз бе, ойланбай сөйлейміз бе, әйтеуір шенеуніктердің аузынан шыққан пікірді Құран сөзіндей жаттап, кейде қайталап кететініміз бар. Атқамінерлердің халық үшін жасаған һәм қазір істеп жүрген қызметіндегі олқылықты жуып-шаю үшін кейде «масыл болмаңдар» дей салатынын білсек керек еді. Жоқ, «биіктегілер» айтты деп масс-медиа қызметкерлері де масылдық жайлы «жырлап» шыға келеміз. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәрдемақыға қарап өмір сүруге болмайтынын әр азамат түсінгені жөн» деп еді. Әзірге мұқтаждық туралы сөз етуімізден, «масылдықтан арылу керек» деуіміз басым болып тұр.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
4 мың отбасы баспанамен қамтылады
Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй табысы жоқ көп балалы отбасылар үшін берілетін болады. Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді. Бұл жылына 6 мың отбасын әлеуметтік қолдаумен қамтуға мүмкіндік бермек. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау жолдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің отырысында пысықталды.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Елу жыл бұрынғы ескі паром елді қашанғы әуреге түсіреді?
«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, өткелдің жырын айта-айта шекарадағы Күршім мен Марқакөл тұрғындары да қартаятын болды. Облыс орталығы – Өскемен мен өңірдің бүкіл қала-аудандарын жалғайтын, стратегиялық маңызы зор Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» өткелі әсіресе биыл ала жаздай Күршім өңіріне келіп-кетуші жұртты әбден әуре-сарсаңға салды.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2019
«Қорқыт ата кітабы» – түбі бір түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлерінің бірі, адамзаттың асыл мұрасы ретінде әлемдік деңгейде зерттелген туынды. Негізінен батырлық жырлардың жинағы болып табылатын бұл жазба мұраның Дрезденде және Ватиканда сақталған негізгі екі нұсқасы, сонымен қатар үшінші – Дрезден нұсқасының көшірмесі саналатын Берлин нұсқасы бар.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Күзгі ауа райы ақмолалық диқандар үшін тым қолайсыз болып тұр. Көкшетау мен Қорғалжынның аспанын қорғасын бұлт қаптағалы он күнге жуық.