Білім • 21 Қыркүйек, 2022
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Студенттер қатарына қабылдау» кешін өткізіп, жастар қалашығын керемет көңіл күйге бөледі. Биылғы салтанатына соны жетістіктермен келген университет QS WUR әлемдік рейтингінде 150-орынға көтерілгенін айта кеткен ләзім. Оған қоса жақында Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.
Білім • 21 Қыркүйек, 2022
«Тіл – ұлттың жаны» деген сөздің мәні тереңде. Ана сүтімен даритын тілге деген құрмет, мектеп табалдырығын аттаған әр бала үшін әліппемен жалғасатыны қандай жағымды! Жоғалтып алған «Әліппені» араға жылдар салып, қайта қолға алудың астарында да тілге деген тұнық жанашырлық жатқандай.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2022
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Парасат» мектеп-лицейінде болып, ауыл мектебінің оқу үдерісіндегі инновациялармен және ұжымдық шарттық қатынастардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізбек.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Төртқұдық ауылдық округі аумағындағы жас кәсіпкер Ғайса Әлдибеков құрған «Балтабай» шаруа қожалығының жұмысы табысты. Осыдан бес жыл бұрын ресми тіркелген шаруашылықтың иесі көлемі 5200 гектар жерге мал бағып, шөбін шауып отыр.