Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Жуырда Қараөткел ауылының 1500 оқушысы үшін ІT бағытындағы тағы бір мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.
Тұлға • 19 Қыркүйек, 2024
Эссе: Кемердегі кәдімгі Мағауин
Былтырғы қыркүйектің ортасынан аса Ақтеңіздің толқыны әлдиленгендей болып, Антальяның әуежайында отырғанымда уатсабыма Мұхтар Мағауиннің АҚШ-тан Кемерге көшіп келіп, теңізде малтып жүрген көрінісін көзім шалып, ұшақтан түсіп қала жаздағандай күй кешіп едім...
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Жол апатын азайтудың амалы қандай?
Жол апаттарына қатысты статистика жаға ұстатады. Кейінгі 30 жылда 80 мыңнан аса азаматтың өмірі тасжолда үзіліпті. Елімізде жыл сайын кемі 2 мың адам көлік апаты салдарынан көз жұмады екен. Бұл – шағын бір ауылдың тұрғындарына пара-пар. Адам капиталына үлкен шығын әкеліп отырған мемлекеттік деңгейдегі проблема Президент Жолдауында да айтылды.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024
Журналист жазбалары: Ұлытау сапары
«Қазіргі Ұлытау – ежелгі рухани самғаулар мен саяси шоғырлануға куә болған қашанғы қара орын», дейді халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы. Әңгімеміздің әлқиссасын заманымыздың заңғар қайраткерінің осы пайымдауымен бастағанды жөн көріп отырмыз. Алаштың аға тауы, даланың ақ отауы саналған қастерлі қоныс, қасиетті мекен адамзат тарихымен астасып жатқан тамырлы тарихымен қымбат. Ол – тұтас қазақ халқының табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Өткен күннің көкжиегіне көз тастап, көңіл аударсаң, бұл жерге қай қағанат, қай хандық тағзым етпеді дерсіз. Әне, арбаға мүйізді жылқы жеккен «күнбасты адамның» кірмембес ауыр қолынан басталған тарихи тізбек сақтардың салқам керуенімен жалғасып, хан Жошының ұлысына ұласып жөңкіп барады. Ал артынан... Ұлытаудың мәртебелі биігіне мәңгіліктің туын қадаймын деп салтанаты жарасып келе жатқан тәуелсіз еліміздің көрінісі менмұндалайтындай. Осы орайда Мемлекет басшысының «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі ойға оралады. «Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз. Сондықтан Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек», деген сөзі осы қасиетті мекенге жолға шығып, дала дидарын көзбен көріп, көңілмен түйсінуге бел буғызды.
Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Оқушыларды жігерлендірген жүздесу
Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батырша-ұлымен кездесу өтті. «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен тағылымды іс-шарада ғалым оқушылармен сыр-сұхбат құрып, жиын соңында 200-ге жуық кітап қорын мектеп музейіне табыстады.