Құқық • 19 Қыркүйек, 2024
Судья қызметін бағалайтын институт
Тиімді сот жүйесі – құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтық қоғам дамуының алғышарты. Ал сот реформаларын табысты іске асырудың шешуші бір факторы– кәсіби сот корпусының болуы. Кейінгі жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту, халықтың сотқа деген сенімін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сот төрелігін күшейтуге және сот корпусының кәсіби деңгейін арттыруға бағдарланған қажетті құралдар әзірленіп, тәжірибеге енгізілді.
Туризм • 19 Қыркүйек, 2024
Әлемдік көрсеткіштегі отандық туризм
Әлемдік туризм саласы экономиканың екінші тынысын ашатын бағыттардың бірі екені анық. Бүгінгі таңда туризм арқылы жылына миллиондаған қонақты қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнесін өркендетіп отырған мемлекеттер қатары өсіп келеді. Осы орайда оқырман назарына әлемдік туризм саласындағы маңызды зерттеулердің бірі – 2024 жылғы Саяхат және туризмді дамыту индексін (Travel&Tourism Development Index 2024, TTDI) ұсынамыз.
Өнер • 19 Қыркүйек, 2024
Өнерде шекара жоқ. Өнерде талай тағдыр бар. Тасты жарып шыққан талант та өнер биігін бағындыра алатыны сөзсіз. Күні кеше ғана Лондоннан сүйінші хабар жетті. Елордалық Абылай Мұстафин Лондонда өткен «Алтын уақыттың дарыны» өнер байқауында ортасынан оза шауып, бас жүлдені еншіледі.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024
Жүлдегерлерге – жеңіл автокөлік
Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 1 367 адам спорттың бірнеше түрімен шұғылданып жүр. Оның ішінде 16 параспортшы Париж Паралимпиадасында пара-дзюдо, паратаеквондо, волейболды отырып ойнау, параүстел теннисі, паражеңіл атлетикадан бақ сынады.
Құқық • 19 Қыркүйек, 2024
Азаптауға қарсы күрес – азаматтық ұстаным
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі, Талдықорған құқық қорғау орталығы, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігі және Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро мамандарының қатысуымен «Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді.