Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Мен үшін бұл қайғы басқа қайғыға ұқсамайды. Барлық өлім қайғылы ғой, бірақ ең жақын досыңның, сырласыңның, талай-талай оқиғаларды бастан кешіріп, бір-біріміздің балаларымыздың атына дейін кезек-кезек қойысып отбасымызбен араласып кеткен жолдасыңның бақилық болғаны қабырғаңды қақыратып кетеді екен.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Соңында жақсы ізі сайрап жатыр
Сонау 1957 жылдың қыркүйек айы еді. «Лениншіл жас» газетінде бірлі-жарым ересек адамдар болмаса, дені жас жігіттер жұмыс істейтін. Олар шетінен үйленіп, жиі-жиі тойларын өткізіп жататын.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Сенім артар серігім болып, арқа тұтар арысыма айналған ардақты інім, Әділ сенен де айырылып қалғанымыз ба?! Мынау аяусыз тағдыр, тойымсыз ажалға еш шара жоқ шығар, сірә. «Мүшел – қатер» деген қазақы болжамда да бір заңдылық бар ма, қалай? 73 мүшеліңнен өзің аман өткеніңмен, отбасыңды ойсыратып кетіп еді. Жаныңнан артық көретін жалғыз ұлың Айдар ойда-жоқта кенеттен қайтыс болып кетті. Сондағы өзегің қалай өртеніп, қабырғаң қалай сөгілгенін сеземіз. Содан ұзақ уақыт төсекке таңылып, бас көтере алмай жаттың.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Әбілфайыз аға дүниеден озды! Ақ шашын артқа қайыра тәртіппен тараған, бір қарағанда тым қатал сияқты, ал шын мәнінде жан-дүниесі жайсаң, ерекше мейірім-шуақ иесі Әбекеңе шәкірт болған шақтарымыз кеше ғана сияқты еді-ау! Ол кісі бізге «Газетті безендіру техникасы», «Очерк», «Редактор мен корректорға қосымша көмек», «Секретариат жұмысы», т.б. пәндерден дәріс оқыды. Талап қоятын. Сол талаптың орындалуын қатаң қадағалайтын.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2019
Президент пойыз бен автобустың соқтығысуынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.