«Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз.
Қазіргі сәтте оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.