Таным • 30 Қыркүйек, 2022
Биыл қазақ энергетикасының атасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы Шапық Шөкиннің туғанына 110 жыл толып отыр. Есімін әулие Мәшһүр Жүсіптің өзі қойған ғұлама ғалымның мерейтойына орай туған ауылында академик атындағы өлкетану музейі ашылды.
Тарих • 30 Қыркүйек, 2022
Жақында Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен елорда төріндегі Ұлттық архив мекемесінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік шарасы ұйымдастырылып, көпшілік көмбеде жатқан жәдігерлермен танысты. Мәдени жиынға келген қауым экспозицияға қойылған заттық және құжаттық жәдігерлер арасынан атақты ғалым-саяхатшы әл-Идрисидің картасын тамашалай алды.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2022
Аспантаулар аясында ақын Биғайша Медеудің 70 жылдығы кеңінен аталып өтті. Хан тәңірі етегінен қанаттанып, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен дараланған қаламгердің елдегі оқырмандары есте қаларлықтай кештің куәсі болды.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2022
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Qazaqstan dauiri халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдығы және осы басылымның бел баласы «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдығына орай «Қазақ баспасөзі: бүгіні және ертеңі» атты конференция ұйымдастырылып, шара аясында газеттің «Ұлт шырағы» атты мерейтойлық жинағы және қос басылымның Бас директоры Сәуле Мешітбайқызының «Намыс қайрағы» атты публицистикалық кітабының тұсауы кесілді.
Елорда • 30 Қыркүйек, 2022
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімін «астаналық құрама» деп атайды ұландықтар өз арасында. Өйткені «Үркер» шағын ауданында орын тепкен әскери ұжым елорданың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, астаналықтардың тыныштығын күзетеді.