Қоғам • 13 Қыркүйек, 2019
Амангелді Айталы: Қоғамдық сана ауыстыра салатын техникалық құрал емес
Қайраткер. Ғалым. Ұстаз. Республикамыздың зиялы қауымы өкілдері, есімі елге елеулі азамат, жаны жайсаң жан Амангелді Айталыны осы үш бірдей биік қасиетті бір бойына тоғыстыра білген асыл азамат ретінде біледі деген ойдамыз. Оның қайраткерлігі мен ел-жұртқа деген жанашырлығы Парламент Мәжілісінің екі дүркін депутаты болған жылдарында анық көрінсе, ғалымдығы мен ұстаздығы қазіргі күні де елдің рухани әлеуетін байыта түсуге қосылған бір үлес ретінде қызмет етіп келеді. Біз Амангелді Әбдірахманұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, туған топыраққа деген перзенттік парыз, бүгінгі қоғам мен замана тынысы төңірегінде өрбіген осы сұхбатты оқырман назарына ұсындық.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019
Гүлдана қалада жоғары оқу орнын бітіріп, заңгер болып қызметін бастаған еді. Өзіндей жас жігіт Нұрлан Кузайбинге ұнап қалған жас қызды махаббат жан-жағына қаратпай, өткен жылы ауылға келін етіп түсірді.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019
«Күлімсіреңіз! Сізге ерекше адамдар қызмет етеді»
Бұл – айрықша дәмхана. Себебі мұнда сізге қызмет көрсететін жап-жас қыз-жігіттердің ешқайсысы сөйлемейді. Бірі туғаннан, енді бірі сәби шағынан құлағының мүкістігі бар жастардың басын құраған, маңдайшасына «Күлімсіреңіз! Сізге ерекше адамдар қызмет етеді» деген жазуы бар дәмхананың табалдырығынан толқи аттайсыз.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2019
Қандастарымыз елге келуге құлықты
Ақпарат ағынын тыңғылықты қадағалап отыратын көзіқарақты оқырманның қаперінде болса керек, интернет желілерінде Моңғолиядан 13 отбасы, яғни 83 қандасымыздың Павлодар облысына көшіп келгені туралы жағымды хабар тарады. Бұл – бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта жалғасын тапқан ұйымдасқан көш, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» секілді құрылымдардың мемлекет есебінен атқарған шарасы еді.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2019
Атырауда ақын тойы салтанат құрды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған апталық басталды. Облыс орталығының ең көрнекті жеріне орнатылған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алған шаралар легі төрт күнге созылады.