Қаржы • 14 Қыркүйек, 2023
Ұлттық банктің қызметі қалай өзгереді?
Қаржы саласында кезек күттірмей атқарылатын ауқымды шаруа көп. Соның көбі Ұлттық банк құзыретіне тікелей тәуелді. Қаржылық стратегия тұрғысынан маңызды саналатын мекеме Ұлттық банкті Ғалымжан Пірматов екі жылға жуық уақыт басқарды. Енді Президент оның орнына басшы етіп Тимур Сүлейменовті тағайындады.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2023
«Халықтық ІРО» – игілікті игеру бағдарламасы
Елімізде қалың бұқараның толыққанды тұрмыс-тіршілігі үшін жыл сайын түрлі, тың бағдарламалар батыл енгізіліп, жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Сондай бағдарламаның бірі – жалпыұлттық деңгейде дамып келе жатқан «Халықтық IPO» бағдарламасы.
Қаржы • 14 Қыркүйек, 2023
Ел экономикасының жебеуші періштесіне айналған Ұлттық қордың активі 60,8 млрд долларға (27,96 трлн теңге) жетіпті. 2023 жылдың 8 айында қорға 3,2 трлн теңге түскен. 2022 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда түсім 29 пайызға азайды. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өсім көрсеткен. Бір қызығы, биыл 8 айда қорға 3,2 трлн теңге түскенімен, осы 8 ай ішінде қордан 2,9 трлн теңге кері алыныпты. Екі тоқсанның қорытындысы бойынша жинақталған инвестициялық табыс 839 млрд теңгені (былтыр осындай кезеңде теріс көрсеткіш – минус 635 млрд теңге болған) құрайды.
Депозит • 14 Қыркүйек, 2023
Зейнетақы жинағы пайдаға жарады ма?
Осыдан екі жыл бұрын еліміздегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат етілді. Өткен жылы халық қалаулылары Үкіметке тұрғындардың қорда жинақталған зейнетақы жинағын өз қалауынша жұмсауға мүмкіндік беру қажеттігі туралы ұсыныс айтып, қаншама адам уақтылы қарызын өтей алмай жеке сот орындаушылары мен коллекторлардың қудалауына түскенін, қазіргі күні қиын жағдайдан шығудың бірден-бір жолы осы екенін алға тартқан еді. Бірақ мұны Үкімет қолдамады.
Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023
Хоспис туралы естігеніңіз бар ма? Бізде ол – «медициналық паллиативті көмек көрсету орталығы» деп аталады. Білуімізше, орталыққа екінің-бірі емес, айықпас дертке шалдығып, дәм-тұзы таусыларда жан, тән тыныштығын іздегендер барады. Астанада дәл осындай жалғыз мекеме бар. Біз осы дауасыз дерттің дәруіндей орталыққа барып, ем-дом мен науқастардың хал-ахуалын біліп қайтқан едік.