Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022
Экспортшыл кеніштер тойдыра ма, тоңдыра ма?
Ресейге салынған санкциялардың салдары Керекуде көмір тапшылығын тудыруы мүмкін. Былтыр «Майкөбе» көмір кеніші барлық өндірілген көмірдің 78 пайызын сыртқа сатып жіберіпті. Ал биыл көрші елге экспорт көлемі одан да ұлғайып, онсыз да аз теміржол вагондары жетіспеуі мүмкін. Энергетика министрлігі жартылай ашық вагондардың саны қыркүйек пен қазан айларында тіпті сиреп қалатынын жаздан бері ескерткен еді. Алайда бұл мәселеге теміржолмен көмір таситын кәсіпорындар аса бас қатырып отырмағанға ұқсайды.
Мультимедиа • 18 Қыркүйек, 2022
Медициналық сақтандыру тәртібі қандай?
Биылғы қыркүйек айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтитындар үшін медициналық сақтандырудың тәртібі өзгергенінен ел құлағдар. Ендігі жерде МӘМС-ке өздігінше ақша салып отырғандар төлемдерін алдағы бір жылға сақтандыра алатыны да айтылды. Яғни заңға енген өзгерістерге сәйкес бұдан былай сақтандыру жүйесіне қосылу үшін алдағы 12 айға жарна төлеуге болады.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2022
Құқық жүйесін қайтсек қазақшалаймыз?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» стратегиясы қоғам мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа жүйесін қалыптастырып, мемлекетіміздің дамуына тың серпін берген идея болды. «Қоғамдық келісімшарттың» бұл жаңа нұсқасы халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, қоғамымыздың дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болары хақ. Ал бұл идеяның біріктіруші элементтерінің бірі әрі бірегейі – қазақ тілі екенін Мемлекет басшысы да, зиялыларымыз да айтып жүр.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2022
Қарағайдың қарсы бұтағындай қаламгер Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығы Қызылжар өңірінде тойланды
Жазушы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойы туған жерінде шат-шадыман той болып аталып өтті. Күздің ашық күніндегі дүбірлі той облыс орталығында пердесін түрді. Оның ресми бөлігі қаладағы ең үлкен сахна – «Оқушылар сарайында» Астана мен Алматыдан жеткен құрметті делегацияны бастап келген Мемлекет басшысының кеңесшісі Бауыржан Омаровтың Президент Қ.Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып беруімен басталды.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2022
Алаш жолы – жанкештілік пен жасампаздық үлгісі
Алаштанушы-академик Мәмбет Қойгелдиев «Ұлттық саяси элита» атты зерттеу еңбегінде: «Алаш идеясы біріншіден – ұлттық демократиялық мемлекет құруын, екіншіден – жердің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуін, үшіншіден – қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекет азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуін, төртіншіден – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуын, бесіншіден – ұлттық дәстүрге негізделген Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құруды ұстанды» депті.