Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022
Үшінші мегаполистің өндіріс ауқымы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азамат, мемлекет және бизнестің арасында қарым-қатынас өзгеретінін айтты. Осыған орай Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша ауқымды жұмыс қолға алынбақ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков айтып берді.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2022
Сырбай ақын һәм соғыс тақырыбы
Адамға оқыған шығармасы қалайда әсер етеді екен, сол үшін де ұлылар кітап оқудың кереметтігін қайта-қайта дәріптесе керек. Таяуда Сырбай Мәуленовтің таңдамалы жыр кітабын оқып едім, соғыс туралы жырлары ойымнан шықпай-ақ қойды. Сырағаңның майдан даласында жазған жырлары әлі де өзекті сияқты. Айналамызда соғыс жүріп жатыр, ал сол соғыс майданында қанша ақын толғанып, қаншама өлең ой дәптеріне жазылды десеңізші. Сырбай Мәуленовтің соғыс даласынан оқырманына жіберген ақ адал сәлем хаттары ақ көгершін болып ақ қағаздың бетіне қонғандай.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2022
Данышпан қауымы адам баласына өз аралын, кеңістігін қалдырды. Сол кеңістігі арқылы ізгілікке, Құдай қақпасына қарай жаңа жол салды. Бұл жолдар көптеген адамға шамшырақ болды, темірқазық іспетті бағыт сілтеді. Ясауи жолы, Сағдидың гүлстаны, Асанқайғының жерұйығы, Абайдың имани гүлі, Шәкірімнің ар ілімі – мұның бәрі рухани әуеге салынған сара жолдар.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2022
Соңғы сарын тудырған соны шығарма
Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің «Күй» поэмасында ғаламат тылсым күш бар. «Қобызшы Молықбай шал Матайдағы» деп басталмаушы ма еді шығарма?! Автордың ақындық қуатын, өлең өлкесіндегі, өлкесіндегі емес, жыр қағанатындағы кемел даусы мен шеберлігін термелеп жатпаймыз. Себебі одан кейінгі қазақ поэзиясы осы Ілияс, Мағжан, Сәкендерге қарап бой түзегенін аңғару қиын емес. Тіпті солар бастап жазып кеткен ұлттық тақырыптарды басқа қырынан толғап, жаңаша жырлауға тырысқаны байқалады. Айтпағымыз, Ілиястың «Күй» шығармасының терең емеуріні мен астарында.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022
Қазақ халқының дарабоз перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Меркі жерінде сән-салтанатымен аталып өтті. Елдік деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі, қаламгер Мәлік Отарбаев арнайы қатысып, Президенттің құттықтауын жеткізді.