Руханият • 12 Қыркүйек, 2019
Терісаққан ауылынан 18 шақырым жерде Терісаққан өзенінің оң жақ жағалауында заманында әулие атанған, ат тұяғы жетер жердегі жалпақ жұрт жақсылығын көп көргендіктен әрі табиғат сыйлаған айрықша қабілетіне орай көзі тірісінде әулие атап кеткен Қылышбай әулие Нұқы баласының бейіті бар. Қазіргі кезде жергілікті жұрт бұл жерді әулие бейіті деп атайды.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2019
Полицияның «беделі»: Бір жарым жыл өтсе де, ұрылар ұсталмады
Өткен жылдың 24 ақпанында үйімізге ұры түсті. Ұл-қыздарымыздың тұрмысын жақсарту, ертеңін қамсыз ету мақсатында жинап жүрген қаражатымыз бен құнды дүниелеріміздің орнын сипап қалдық.
Спорт • 12 Қыркүйек, 2019
Алдымыздағы сенбі күні елорда төрінде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Бұл Токио Олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылып отырған лицензиялық мәртебесі бар ресми жарыс болғандықтан күллі дүниеде күрестен үміті бардың бәрі қатысары анық. Қысқасы, алуан-алуан мықтылар бозкілемде белдесіп, білек қарымын танытар алапат айқас болайын деп тұр.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2019
Ко Ын: Поэзия – тарих музыкасы
Корей ұлттық ақыны Ко Ынның поэзиясы арқылы корей тарихы мен қоғамының орасан зор мозайкасы өрілді. Демократия үшін белсенді қозғалыстың мүшесі болған ол халық ақыны ретінде әлемге кеңінен танылған. Дауылпаз ақынның түрмеде туған еңбегі «Манинбо» (Он мың өмір) жинағында 5500 адамның есімі жазылған 4001 өлең бар. Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына шақырылған Нобель сыйлығының номинантын аз-кем әңгімеге тарттық.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019
Жастар жылы аясында өткен кітап фестивалі биыл оқырман қауымға жаңа кітаптар ұсынды. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Baurzhan» қоры және «ABAYbooks» баспа үйінің ұйымдастыруымен Алматының арбатында өткен кітап мерекесі жастар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, отандық әдебиет әлеміндегі жаңа есімдерді таныстыруды мақсат етті.