Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Арыс: 10 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталуға жақын. Бүгінде 7149 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған 15 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Дегенмен 10 нысан бойынша меншік иелерінің келіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2019
US Open турнирі өз мәресіне жетті
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы US Open (АҚШ ашық біріншілігі) турнирі өз мәресіне жетті. Финалда испаниялық Рафаэль Надаль мен ресейлік Даниил Медведев бақ сынап, испаниялық теннисші басым түсті.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2019
Жексенбі күні Екатеринбургте (Ресей) бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019
Шымкенттік Ерлан Рахматуллаев жеке көлігін қалаға қолайлы етіп, қайта жасап шықты. Яғни, артық деп санаған бөлшектердің бәрін алып тастап, небәрі үш құрылғыны орналастырған. Электр қуатымен жүретін көліктің аккумуляторын Алматыдан, қозғалтқышын Қытай елінен, ток қуатын реттегішті Ресейден алдыртқан. Сөйтіп қоршаған ортаға зияны жоқ, қалтаға салмақ салмайтын үнемді көлік жасап шығарған.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2019
Отыз сегіз жастағы сырымдық Исатай Темірбаев әлемнің «жеті шыңына» кіретін әйгілі Эльбрус тауына шығып, теңіз деңгейінен 5642 метр биіктіктегі Кавказ бен Еуропаның ең биік нүктесін бағындырды. Темірбаевтың Батыс және Шығыс биігіне шығуы 5 қыркүйек күні сағат 09:30-да тіркелді.