Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
«Нұр-Сұлтан» көк айдын күзетіне шықты
Каспий теңізінің қазақстандық шекарасын күзететін кемелер қатары жаңа кемемен толықты. Ақтау қаласындағы теңіз портында ҰҚК Шекара қызметінің экипажына «Нұр-Сұлтан» кемесін және кеменің әскери-теңіз туын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Мәсімов, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры және өңірлік Жағалау күзеті, «Батыс» өңірлік басқармасының жеке құрамы және Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов қатысты.
Руханият • 10 Қыркүйек, 2019
Драматургия неге өгейдің күйін кешеді?
Театр мен оның репертуары, режиссура, драматургия мен драматургтер және көрермендер жайында соңғы жылдары мәселе аз көтеріліп жүрген жоқ. Марқұм, білікті театр сыншысы Әшірбек Сығай мен атақты драматург Дулат Исабековтің де баспасөз беттерінде толғамды мақалалары талай рет жарық көрген.
Руханият • 10 Қыркүйек, 2019
Даңқың дәуірлей берсін, Димаш!
Өнердің бір асуынан соң екінші асуына көтеріліп, тыңдаушысының жүрегіне нұр құйып, жанына сәуле төгіп келе жатқан Димаш Құдайбергеновтің аты мен атағын естіген сәт-сағаттан бастап, оның әр қадамын, әр жүрісін, әр концертін қалт жібермеу әдетіме айналды. Тыңдап отырып, жаным бір рахат күйге бөленеді. Апыр-ай, қазақтың әні мен сазын осыншама құбылтып, тыңдаушысының тұла бойын кезіп кетер сиқырлы құдіретке қалай елтімеуге болады?
Спорт • 10 Қыркүйек, 2019
Ардагерлер әлі жарысқа қатысады
Жақында Өскеменде облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен ардагерлердің спартакиадасы өтті. Оған қалалар мен аудандардан 200-ден астам адам қатысты.
Руханият • 10 Қыркүйек, 2019
Еліміздің бүгінгі Парламентінің құрамында өмірі мен еңбегі тікелей мемлекет құрылысымен, мемлекетке адал қызмет етумен байланысты тұлғалар баршылық. Солардың бірі де, бірегейі де, көрнектісі де біздің әріптесіміз – Қабиболла Қабенұлы Жақыпов. Қабекеңнің өмір жолы – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланып, шаңырағы көтерілген алғашқы жылдармен астасып жатқан елеулі кезеңдерге толы өсу жолы.