Экология • 27 Қыркүйек, 2019
Ауаны ластаушылар – ірі кәсіпорындар
Соңғы уақытта Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалы мен жай-күйі төмендеп бара жатқаны жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Өзекті мәселе өз кезегінде облыс орталығы мен оның маңайындағы атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту қажеттігін байқатады. Қоршаған ортаның бүлінуіне бірінші кезекте өнеркәсіп қалдықтарының көлемі көбейіп келе жатқаны теріс әсерін тигізуде. Сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтар жүйесін құру ісінің кешеуілдеп жүргені де экологиялық шиеленісті одан әрі ширықтыра түсті.
Экология • 27 Қыркүйек, 2019
Айналамызды қоқысқа айналдырмайық
Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 70%-ға өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл дегеніңіз келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналуға шақ қалғанын білдірсе керек. Бірқатар дамушы елдерде қалдықты бөліп жинау мәдениеті әлі күнге жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бұл қатарда Қазақстан да бар.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019
Вокзалдың қасбеті – қаланың әспеті
Қарағандының қайта жаңғыртылып жатқан темір жол вокзалы ала жаздай әңгіме болды. Облыс, қала басшылығы дүркін-дүркін құрылыс басына барып, мердігер компанияның жұмысын жіті қадағалап жүрді. Жолаушыларды айтпағанда, қала тұрғындары да жаз бойы жабық болған вокзалдың құрылысы қашан бітеді, қалай болып шығар екен деп асыға күтті. Өйтпегенде ше, вокзал деген кез келген қаланың, елді мекеннің бет-бейнесі, әспеті емес пе?!
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019
Сәулеті талапқа сай болуы керек
Шымкент қаласының сәулеттік келбетін дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы салынып жатқан үйлердің сыртқы қасбетін заман талабына сай ету керек. Осылай деп мәлімдеген қала әкімі Ерлан Айтаханов шаһарда тұрғызылып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерінің жұмыс барысымен танысты.
Технология • 27 Қыркүйек, 2019
Интернет игілігін қалай пайдаланамыз?
Алғашында интернетті айшылық алыс жерлерден хабар алғызып, онлайн ақпарат іздестіру үшін ғана пайдаланған қолданушылар үшін қазір интернеттің түрлі қызметі бар. Ғаламтордың ғаламаты үйде немесе әлемнің кез келген нүктесінде отырып-ақ керек құжатыңызды алып, қажет тауарыңызға қол жеткізесіз. Ол аз десеңіз, онлайн дәрігерге жазылып, медициналық көмекке жүгіне аласыз. Оған тағы қашықтықтан онлайн оқуды, кәсіби біліктілікті арттыруды қосыңыз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын интернет сіздің күнделікті уақытыңызды үнемдеуге үлкен себеп.