Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Атаулы көмекті шын мұқтаждар алуы тиіс
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты айтылып жүрген әңгіме көп. Көмекке мұқтаждардың арасында қол жеткізе алмай жүргендер де баршылық, керісінше жалған айтып жағдайын жақсартқысы келетіндер де аз емес. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биылғы сәуір-шілде айында тағайындалған 13226 отбасының 1350-іне берілетін қаржы тоқтатылған.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Қазақтың бүкіл салт-дәстүрі, наным-сенімі халқымыздың табиғатқа өте-мөте тәуелді болғанын білдіреді. Қазір де сол жағдайдан көп алыс кете қоймаған секілдіміз.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді
Бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2019
Бақытжан Байтөре: Легионерлер қазақстандық волейболды өркендетпейді
Қазақстан волейболының өркендеуіне Бақытжан Байтөренің өлшеусіз үлес қосқаны еш дау туғызбаса керек. КСРО дәуірінде елеулі табыстарға қол жеткізген ол еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де дара талантымен оқшауланып, теңдессіз өнерімен талай жанкүйерді тамсандырды. 1993 жылы Алматының «Азаматы» айды аспанға шығарып, Азияның клубтық чемпионатында алтын тұғырға көтерілгені есімізде. Көп ұзамай Қазақстанның ұлттық құрамасы құрлық біріншілігінің күміс медалін иеленді. Міне, сол командалардың сапында жалғыз қазақтың жасындай жарқылдағанын көзі қарақты көрермендер әлі ұмыта қойған жоқ. Дәл сол жылы Бақытжан «Азияның ең үздік ойыншысы» деген атаққа ие болды. Бір айта кетерлігі, Байтөреге дейін де, Байтөреден кейін де қазақстандық волейболшылардың бірде-біреуіне дәл осындай мәртебелі атақ бұйырмаған еді. Осы жайттың өзі-ақ бойы екі метрден (202 сантиметр – ред.) асатын қандасымыздың шоқтығы биік ойыншы болғанын аңғартады.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019
Биыл адамзаттың алып ақыны, неміс халқының ұлы перзенті, Энгельсше айтсақ, «Кейде орасан зор ұлы ақын, кейде жұпыны, кейде дүниеге пысқырмайтын, бас имейтін тәкаппар данышпан, кейде сақ, баршаға разы» Иоганн Вольфганг фон Гётенің туғанына 270 жыл толды. «Мені патшалықтар мен тақтардың ойрандалуы емес, қарапайым шаруаның құжырасы өртенгені қынжылтады», деп күңіренетін неміс баласының туған күнін қазақ елі де елеусіз қалдырған жоқ.