Тұлға • 27 Қыркүйек, 2024
«Неисчерпаемый» 1975 жыл. Алматыға өз шығармасы бойынша қойылған фильмнің премьерасына Шыңғыс Айтматов келе қалды. «Лениншіл жастың» редакторы Сейдахмет Бердіқұловтың редакцияның әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Аян Нысаналин арқылы айтып жіберген сәлем-өтініші бойынша, жазушының жан досы, «Көктөбедегі кездесудің» телавторы Қалтай Мұхамеджановтың көмегімен әлемге әйгілі қаламгерден сұхбат алудың («Лениншіл жас», 26.11.1975) сәті түсті.
Білім • 27 Қыркүйек, 2024
Алматы облысы әлемдік білім беру аренасында өз орнын нығайтып, «Сапалы білім» аталымы бойынша «World Innovation Award 2024» жүлдесін жеңіп алды. 128 ел қатысқан бұл байқауда облыстың жетістіктері білім саласындағы инновациялық тәсілдер мен тиімділікті көрсете білді.
Тәрбие • 27 Қыркүйек, 2024
Балаларды бүлдіргі кеңістіктен қалай қорғаймыз?
Күні кеше Алматыда тағы бір отбасы баласынан айырылып, қара жамылды. Бұл соңғы екі аптада болған жетінші қайғылы жағдай. Өткен аптада 2 оқушы қыз белгісіз жағдайда көпқабатты үйдің төбесінен құлап, осы жағдайдың ізін ала тағы бір жасөспірім көз жұмды. Қазіргі кезде қоғамды алаңдатып, ата-аналардың үрейін ұшырған қайғылы жағдайдың себептерін Ішкі істер департаменті тексеріп жатыр. Деректерге сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 134 бала өз-өзіне қол жұмсаған.
Білім • 27 Қыркүйек, 2024
Еліміздегі 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі. Аталған тексеріс білім сапасын қамтамасыз ету бойынша жүргізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2024
Әдебиеттің басты тақырыбы адам һәм адамның жаны дейміз. Жазуды ардың ісіне балаған әр жазушы, ең алдымен ізгілікті, адамдық игіліктерді көздейді. Яғни нағыз әдебиет – сол уақыт, сол тіршілік, сол өмір. Сол кезеңдегі қоғам келбеті, заман шындығы, халықтың көзқарасы, талғамы, ойы мен сөзі – бәрі-бәрі шығармаға арқау болмақ. Кейде жақсы жазатын қаламгердің аса танымал емес, даңқы да, дақпырты да жоқ шығармасын көресің. Оны жұрттың бәрі жапа-тармағай оқымаса да көркем тілі мен сюжет тынысы, динамикасы бір-бірімен астасып, шебер үйлесім тауып жатады. Көркемдік айшықтар тереңнен өріліп, бір нәзік сезімдер, кішкентай адамдардың кішкентай арманы, кішкентай адамдардың кішкентай қылмысы, көбіміз мойындай қоймайтын өмірдің шындығы кездеседі. Біреу әділет іздеп шарқ ұрса, енді біреу өз әділетімен ғұмыр кешіп бағады. Шексіз қиялдан, жасанды оқиғадан, сұлу сөзден ада автор өмірдің нақ өзін суреттейді. Адам жанының тереңіне үңіледі. Өмірді білетіндігі соншалық, шығарманың шынайылығына таңғаласың. Жазушы Кемел Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға» повесін оқып отырып, осындай ойға келдік.