Қылмыс • 05 Қыркүйек, 2024
Мұғалім мәртебесін қайтару керек деген көптің талабы орындалды – олардың айлығы өсті, бұрынғыдай жиналыстар мен концерттерде шар ұстап, зал толтыру үшін пайдаланылмайтын болды. Мұнайшы жұмысына таласатындар енді мұғалімдікке бәсекелесетін болды. Бірақ мұғалімдер осы сенімді, жасалған оң жағдайды қалай ақтап жүр?
Шаруашылық • 05 Қыркүйек, 2024
Жемазық даярлау ісі кідіріп тұр
Үзілмей тұрған қара жауын диқан қауымының адымын аштырмай қойды. Қазір егістік жері сәл құрғаған шаруашылықтар ораққа бірден кірісу үшін комбайндарын танап түбіне төндіріп қойыпты.
Қылмыс • 05 Қыркүйек, 2024
Алаяқтардан айла артылар емес. Қазір халықтың бәрі интернетте отыратынын, жасың да, жасамысың да уақытының көбін телефонға шұқшиюмен өткізетінін білетін әккілер интернет алаяқтықтың құлақ естіп, көз көрмеген небір түрін ойлап тауып жатыр. Бүгінгі жұрттың заң жағынан ғана емес, медиа сауаттылығының да таяздығы – олар үшін іздегенге сұраған.
Мәселе • 05 Қыркүйек, 2024
Егістікке қажет машиналардың ескіруі шаруашылық жұмысын тұралатып тұр. Осы жылдың мамыр айында бір топ мәжілісмен Өнеркәсіп және Ауыл шаруашылығы министріне депутаттық сауал жолдады. Онда тозған техника салдарынан шаруалардың көктемгі және күзгі науқан кезінде қиындыққа тап болатыны айтылды. Жаңа техника бағасының тым қымбат болуы, шетелдік ауыл шаруашылығы машиналарын алып келудегі күрделі талаптар да шаруашылық өнімділігін арттыруға кедергі келтіріп тұр.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2024
Абай облысы аумағында шешімін таппай келе жатқан мәселе жетерлік. Соның бірі – ауыл шаруашылығы саласын өрістететін жайылымдық жерлер жайы. Облыс аумағы 18,5 млн гектарды жерді құрайды. 9,2 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің негізгі алаңын жайылым (7,9 млн гектар), егістік (812,9 мың гектар) және шабындық пен тыңайған жер (334,4 мың гектар) алып жатыр. Бұл аумақта 9,8 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді.