Руханият • 25 Қыркүйек, 2019
Жамбыл ескерткіші жерде қалмайды
Жыл өткен сайын Жамбыл өңірі жаңғырып, жасарып келеді. Облыс орталығы, екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары да түрлену үстінде. Бүгінгі таңда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен көне шаһарды көріктендіру, одан әрі абаттандыру бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нақты айтсақ, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы толықтай жаңғыртылып, «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Саябақ ішінен «Мәңгілік алау», «Бауыржан Момышұлы», «Ауған соғысының жауынгерлері» сынды ескерткіштер ашылып, Тараз тұрғындарының көзайымына айналды. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жүз мыңнан астам ардагердің есімдері мәрмәр тасқа жазылды. Бүгінгі бір ғана «Жеңіс» саябағының өзі жас ұрпақтың ата-баба ерлігіне тағзым етіп, еске алатын киелі орынға айналды.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019
Екі қолға бір күрек таба алмай отырған ауыл тұрғындарының алға ұмтылуына демеу болатын шарапатты шаруаның бірегейі – шағын несие. Мемлекет тарапынан әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бес бастаманың бірі – шағын және орта кәсіпті дамыту.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019
Бауырлас елдің өрендері бас қосты
Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан жастарының қатысуымен «Дарынды жастар – ел тірегі» тақырыбында халықаралық форум өтті. Оған көршілес Өзбекстаннан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысынан барлығы 800-ден астам жас жиналды.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019
Бүгінде елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жастар аз емес. Әсіресе, инновациялық жобаларды іске асыруға зор қызығушылық танытатын өрендердің де қатары өсіп келе жатқанын аңғаруға болады. Кәсіппен айналысуға ден қойған жастарға мемлекет тарапынан да қолдау білдіріледі.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2019
Ұлтымыздың ұлы қаламгері Әбіш Кекілбаевқа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңбек Ері» атағын беріп, Алтын жұлдызды орденді тапсырған кезден кейінгі жел сөз көптеген әлеуметтік желілерде, ағымдағы сыңаржақ баспасөздерде сан рет жазылып, сан-саққа жүгіртілді. Шындығында, «бұл қалай болды, ақиқаты қандай?» деген дүдәмал сұраққа дәйекті жауап, деректі уәж айтатын сәт келді.